{metadescription}
Щучьеде қаза тапқан екі полицейдің туыстары кінәліге қатаң жаза тілейді
Щучьеде қаза тапқан екі полицейдің туыстары кінәліге қатаң жаза тілейді

Щучьеде қаза тапқан екі полицейдің туыстары кінәліге қатаң жаза тілейді

Щучьеде жол апатынан қаза тапқан екі полицейдің әке-шешесі мен туыстары кінәлі адамға қарастырылған жазаны жеңіл деп отыр. Яғни заң бойынша ол ең көп дегенде 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шағымданушылардың айтуынша, екі азаматтың өліміне себепкер болған адамға бұл мерзім тым аз.

Кеше Алматыдағы блок-бекетте тұрған қос әріптесін қағып өлтірген экс-полицей де де 10 жылға сотталды. Онда да марқұмдардың туыстары наразылық білдірді. Осындай жағдайлардан кейін өлімге әкеп соққан жол апатына қатысты заңды күшейту керек пе деген мәселе туындап отыр.  

Қайғыдан қан жұтып отырған отбасы кінәлінің жазасы тым жеңіл болғалы тұр деп алаңдаулы. Көлік жүргізу құқығынан айрылғанына қарамастан, мас күйінде машинаны тізгіндеп, қос азаматты мерт қылған бай баласының туысқандары тіпті кешірім сұрап та келмепті. Ал жол апатынан қаза тапқан учаскелік инспекторлар Қанат Хамидулин мен Қанат Отарбаевтың балалары әкелерінің бақилық болғанына әлі  сене алмай жүр.

- Анашым, ол іс-сапарға кетті деп айтпап па едің? Қалжыңдап айттым деші...

Бауыр еті баласынан айрылған ата-ана да 10 жыл – бұндай қылмысқа тым жеңіл деп санайды. Алматылық полицейлердің өліміне себепкер болған айыптыға кесілген жазаны естіп, бұрын да сотталған кәсіпкердің ұлы тіпті жайбарақат жатқан шығар деп налиды олар. Қызмет бабында жүріп, сондайлардың кесірінен өмірі қиылған азаматтар үшін ол да өмір бойы абақтыға жабылсын дейді.  

Жібек Хамидулина, марқұмның анасы:

Бір бала емес, екі бала арыстай болып жатқаны. Жүрегің ауырады. Адал үкім шығарып, балаларымызды мәңгіге бақилыққа жіберді ғой, енді мәңгілік абақтыға жабуын сұраймыз.

Асқар Байжанов, Бурабай ауданының прокуроры:

- Қылмыстық іс прокуратураның бақылауында. Күдікті қамауға алынды. Оның жасаған әрекетіне сәйкес ҚК-тің 346-бабымен 8 жылдан 10 жылға дейін жаза кесілуі мүмкін. Заңда солай қарастырылған. Бұдан басқа ақпаратты тергеу ісіне қатысты айта алмаймыз.

«Заңның аты заң. Одан артық ештеңе айта алмаймыз», - дейді прокурорлар. Ал біреудің көлігін мінген 25 жастағы жігіт полицияның патрульдік көлігін соққанда қасындағы екі жолаушысымен бірге ауруханаға түскен. Жарақаты жеңіл болды ма, төрт күннен соң ауруханадан уақытша қамау абақтысына жөнелтілді.  

Оқиға орнынан қайтып келе жатып, үйіне 600 метр қалғанда көлігімен зулап келген азаматтың кесірінен көз жұмған полицейлердің туысқандары құзырлы органдарға бірнеше хат жолдаған. Олар кінәлі азаматтың қатаң жазалануын тілейді. Қайткенде де, қазір  қамауда отырған күдіктінің тағдырын енді сот шешеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.