{metadescription}
Ковидті асқындырғандардың 30 пайызы – кімдер?
Ковидті асқындырғандардың 30 пайызы – кімдер?

Ковидті асқындырғандардың 30 пайызы – кімдер?

Дәрігерлер тағы да өз бетімен емделмеуге шақырды! Өйткені талай ескерту айтылғанына қарамастан, тұрғындар әсері күшті препараттарды өз бетімен қабылдауды тоқтатпай жатыр. Соның салдарынан көбі коронавирусты ушықтырып алған.

Коронавирустың алғашқы белгілерін көбіне суық тиюмен шатастырады. Дәрігерлер індетті асқындырып алғандардың 30 пайызы өз бетімен емделгендер дейді. Тек тынысы тарылғанда ғана коронавирус жұқтырғанын түсінген. Ауруханаға бір емес, бірнеше диагнозбен түсетін сырқаттар да көбейіпті. Тексере келе, бұл науқастардың да үйде өз бетімен антибиотикпен емделгені анықталған. «Бір-бірімен сәйкес келмейтін дәрілерді қатар қабылдайтын жайттар да жиілейді», - дейді ақ халаттылар. Сондықтан өз бетімен емделуге болмайтынын қайтара ескерткен дәрігерлер антибиотиктерді беталды қабылдаудың соңы қайғылы жайтпен аяқталуы мүмкіндігін еске салды.

Индира Қалқабаева, дәрігер:

- Антибиотик протокол бойынша тек бактериялды инфекция қосылған кезде беріледі. Коронавирус инфекциясына күмән болған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.