{metadescription}
Ресейлік қонақтан 12 адам КВИ жұқтырған – Қарағанды облысы
Ресейлік қонақтан 12 адам КВИ жұқтырған – Қарағанды облысы

Ресейлік қонақтан 12 адам КВИ жұқтырған – Қарағанды облысы

Қарағанды облысында бір ауыл карантинге жабылды. Ресейден келген қонақтан 12 адам короновирус жұқтырып, елдімекенге кіріп-шығуға қатаң шектеу қойылды.  

Бұқар жырау ауданындағы Центральное ауылына кіреберістегі блок-бекеттердің қанша уақыт тұратыны белгісіз. Өйткені мыңнан сәл асатын тұрғыны бар ауылдан 12 адамның кесел жұқтыруы төтенше жағдай саналады. Індет жұққан 12 тұрғынның тоғызы – балалар. Ресейдің Омбы қаласынан келген қонақ пен одан ауру жұқтырғандардың барлығы үй карантиніне жабылған. Олармен қарым-қатынаста болған тағы 80 адам бақылауға алынды. Санитар дәрігерлер кесел анықталған соңғы адам  құлан- таза жазылмайынша, блок-бекет алынбайды деп отыр. Ауыл ішіндегі қозғалысқа да шектеу қойылған. Оған еріктілер тобы да құрылыпты.

Самат Мейірманов, Центральное аулының әкімі:

Ауылымызда еріктілер тобы жұмыс істей бастады. Олар  тұрғындардың үйлерінен шыға бермес үшін дүкендерден азық-түлік жеткізіп беріп отырады. Қарт адамдар мен мүгедектерге де көмек беріледі

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде