{metadescription}
Асқар Мәмин: Елімізде несиелік рақымшылық жасалмайды
Асқар Мәмин: Елімізде несиелік рақымшылық жасалмайды

Асқар Мәмин: Елімізде несиелік рақымшылық жасалмайды

Кредит кешірілмейді. Үкімет басшысы Асқар Мәмин елімізде несиелік рақымшылық жасалмайтынын айтты. Бірқатар мәжілісмендердің сауалына жауап берген премьер-министр қордаланған қарызды кешіру банк секторына кері әсер етеді дейді.

Асқар Мәмин, ҚР Премьер-министрі:

Кредиттік рақымшылық енгізу туралы ұсыныс тізбекті реакцияны және барлық қарыз бойынша міндеттемелердің жаппай орындалмауына әкеледі. Бұл банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және банк салымшылары мен басқа клиенттері алдындағы банктің өз міндеттемелерін орындауына қауіп төндіреді. Осыған байланысты бұл ұсыныс қолдау таппады

Елге жаппай несие амнистиясын жариялау бастамасын Мәжілістегі коммунистер мен «Ақ жол» партиясының депутаттары көтерген. Олар карантин кезінде тұрмысы тұралаған тұрғындардың банк алдындағы берешегін қазына есебінен жабуды ұсынған еді. Өйткені пандемия кесірінен 4 миллионға жуық отандасымыз жұмыссыз қалыпты. Ал жеке тұлғалар мен кәсіпкерлердің несие берешегі екі есеге артқан.

Соңғы мәлімет бойынша қазақстандықтар банктерге 3 триллион 400 миллиард теңге қарыз. Былтыр президент тапсырмасымен 120 миллиард теңге жұмсалып, 578 мың азаматтың несиесі кешірілген болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.