{metadescription}
Кәсіпкерлер қағазбастылықтың кесірінен несие ала алмай жүр
Кәсіпкерлер қағазбастылықтың кесірінен несие ала алмай жүр

Кәсіпкерлер қағазбастылықтың кесірінен несие ала алмай жүр

Қазақстандық кәсіпкерлер қағазбастылықтың кесірінен несие ала алмай жүр. Бүгін осындай мәселені көтерген Мәжіліс спикері шағын және орта бизнеске қомақты қаржы бөлінгенімен, дұрыс жетпей жатыр деген пікірде.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:

- Ең бастысы, осы қаражат қолжетімді болуы керек. Сіздің баяндамаңыз, біздің баяндамамызда цифрлардың бәрі бар. Бірақ бір сұраққа жауап беріңізші. Ол бүгін қолжетімді ме, әлде жоқ па?

- Қолжетімді. Шағын және орта бизнеске 8 пайызбен беріп отырмыз.

Ұлттық банк төрағасы Нығматулинге осы жылдың сәуірінен бері кәсіпкерлікті несиелеуді жеңілдету бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып ақталды. Мемлекет қазынасынан бұған жарты триллион теңгедей бөлінген. Оның 420 миллиард теңгесін шағын және орта бизнеске жұмсап үлгеріпті. Қазан айының соңына дейін шығынға көбірек батқан секторларға несие беруге тағы 200 миллиард теңге бөлінуі мүмкін.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:

- Меніңше, ол сұрақ әлі шешілген жоқ. Осыны жүзеге асыратын механизм керек. Ол механизм ашық, түсінікті болуы керек. Сонда ғана шағын және орта бизнесте жұмыс істеп жатқан азаматтарымыз ертең, пандемия кезінде, қиын жағдай кезінде үкіметтен, мемлекеттен көмек керек деп айта алады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.