{metadescription}
Партияларға жан бітіп, ауыл-аймақты аралауға дайын
Партияларға жан бітіп, ауыл-аймақты аралауға дайын

Партияларға жан бітіп, ауыл-аймақты аралауға дайын

Президент Парламент сайлауын 10-қаңтарға белгілегені сол екен, партияларға жан бітіп, саяси додаға қатысуға ниет білдіре бастады. Депутаттық мандатқа таласқа түсетінін алғашқылардың бірі болып «Ақ жол» партиясы мәлімдеді.

Тіпті індет қаупіне қарамастан, көп дауыс жинау үшін ауыл-аймақты аралауға тырысамыз дейді партия өкілдері. Қазақстан коммунистік халық партиясы да бұл сайлауды құр жібермек емес. Депутаттықтан дәмелі коммунистер қызу дайындықты бастап та кеткен. Сайлаудың уақыты нақтыланған бойда «Ауыл» партиясы да халыққа ұсынар бағдарламасын әзірлеуге білек сыбана кірісіп кетті.

Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының төрағасы:

«Ауыл» партиясында да осы депутат болып, халқына қызмет жасауға дайын азаматтар, ауылдың тағдырымен өз тағдырын байланыстырып жүрген азаматтар көп. Біздің негізгі мақсат – ауыл шаруашылығы және ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін қамту. Себебі, ол жерде шешілетін мәселе әлі көп, проблемалар жетерлік.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

Жобамыз негізінде дайын. Бірақ алдымен оны біз партиямыздың ішінде талқылап, нақты құжатқа айналдыруымыз қажет. Мен аймақтарға шығуға тырысамын және әріптестерімді соған шақырамын. Бірақ ол кезде қашықтықты сақтауға, маска тағып жүруге тырысамыз.

Тұрғын Сыздықов, Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшесі:

Партиямыздың біраз күші жиналды. Сайлауда халықтың мәселелерін көтеріп, сеніміне ие болатын шығармыз деп ойлаймын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.