{metadescription}
Таразда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы салынады
Таразда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы салынады

Таразда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы салынады

Таразда Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы бой көтермек. Мекеме заманауи медициналық құрал-жабдықпен қамтылады. Қазір мұнда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Қажетті жиһаздар да жеткізілген. Бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев қоры жүзеге асыруда.   

Оңалту орталығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасы жанынан ашылмақ. Ғимараттың екі қабаты мен жертөлесі толық соған бөлінген. Қазір мұнда құрылыс қарқынды жүргізілуде. Біртіндеп медициналық құрал-жабдықтар да жеткізіліп жатыр.    

Азат Сатжанов, Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері:

Бұл корвид деген аппарат. Жүре алмайтын балаларға өте жақсы. Сал, ортопедиялық ауруы бар балаларға арналған. Аппараттың көмегімен баланың аяғына киіледі да, жүре алмайтын бала жүрген секілді сезім болады. Сол кезде бұлшық еттері қатая бастайды.

Медициналық аппараттың кейбірі өңірде бұрын-соңды болмаған. Сондықтан ата-аналар мүмкіндігі шектеулі ұл-қыздарын үлкен қалаларға апаруға мәжбүр еді. Енді алысқа сабылудың қажеті жоқ. Бәрі осында бар.

«Оңалту орталығы ашылады» дегенді естіген Қарлығаш Әбдіраманованың қуанышында шек жоқ. Оның жеті жастағы қызы ішкі гидроцефалиямен ауыратын. Яғни басына су жиналады. Жуырда перзентіне ота жасалған. Енді одан арғы оңалту процесін осы жерде өткізбек.

Қарлығаш Әбдіраманова, Байзақ ауданының тұрғыны:

Отадан кейін бізді қайта оңалту орталығына ауыстырып отыр. Бұл жерде құрал-жабдықтар алдыңғыға қарағанда өте жақсы екен. Менің қызама арнап барлық емшаралар тағайындалды. Сол емдерді қабылдап жатырмыз.

Аймақта 5 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Бұл орталық бір жылда 8 жүзіне аяққа тұруына көмек бермек. Әзірге 24 маман заманауи медициналық құрал жабдықтың тілін үйренген.

Ақмарал Бодаубекова, Оңалту орталығының меңгерушісі:

- Дәрігерлерге үлкен мүмкіндік ашты. Бұрын тұқым қуалайтын ауруы бар балалар біздің өңірле оңалтудан өтпейтін. Қазір облыс деңгейінде өткізіп жатырмыз. Астанаға жібермейміз, өзімізге алып жатырмыз. Ауыр жағдайдағы науқастарды оңалту кезеңдеріне қорықпай аламыз.

Елбасы «Қамқорлық» бастамасын көтерген еді. Соның негізінде әр өңірден оңалту орталықтарын ашу көзделген. Бастаманы жүзеге асырушы – Нұрсұлтан Назарбаев қоры. Тараздағы мекемеге тек медициналық құрал жабдық алуға «Самрұқ Қазына» қорынан 170 млн. теңге жұмсалған. Мекеме желтоқсан айында іске қосылады. Елімізде сегіз өңірден осындай оңалту орталығы ашылады.      

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде