{metadescription}
Қоқыстан энергия алуды көздейтін заң жобасы кері қайтарылды
Қоқыстан энергия алуды көздейтін заң жобасы кері қайтарылды

Қоқыстан энергия алуды көздейтін заң жобасы кері қайтарылды

Жоғары палата қоқыстан энергия алуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды. Сенаторлар Қазақстанда қоқыс сұрыпталмайды, сондықтан тұрмыстық және басқа да қалдық бірдей өртеліп кете ме деп күдіктенеді.

Қалдықтарды өңдейтін зауыттардың да жетісіп тұрғаны шамалы. Жыл сайын елімізде 5 миллион тонна қалдық жиналса, соның 15 пайызын ғана өңдеп отыр. Күні-түні қоқыс айналасында жүргендер энергия алуға салынатын зауыттарды қолдайды. Себебі, қалдықты қайта өңдеп тер төккеннен гөрі, өртей салған оңайырақ.

Құс қанаты талатындай Қазақстанда жер жеткенімен, қоқыс тастайтын аумақ аз. Елдегі 3 жарым мың полигон бүгінде 120 миллион тонна қоқысқа толы. Жыл сайын оған 5 миллион тонна тұрмыстық қалдық қосылады. Ал зауыттар соның 15 пайызын ғана сұрыптап қайта өңдейді екен. Сол үшін де сенаторлар кәсіпорындар өңдеу өнеркәсібін емес, өртеуді кәсіп қыла ма деп күдіктенеді.

Қанатбек Сафинов, Сенат депутаты:

- Елімізде қоқыс дұрыс сұрыпталмайды. Сондықтан бұл жерде тұрмыстық және басқа да қалдығын энергия алу үшін тек өртеу ықтималдығы жоғары болып отыр. Заң жобасында тұрмыстық, сонымен қатар өндірістік қалдық та кәдеге жаратылады делінген. Ал өртеуге болмайтын қалдық  тізімін уәкілетті орган анықтайтыны көрсетіліпті.

Қазақстанда тіпті миллион тұрғыны бар елордада қоқыс мүлдем сұрыпталмайды. Қағазы да, әйнегі де, картоны да, пластмассасы да – барлығы бір қоқыс жәшігіне тасталады. Әйтсе де екі жыл бұрын елдің бас шаһарында қоқыс түріне қарай жәшіктер қойылған-ды. Негізі бір жағында тамақ қалдығы, бір жағында тамақтан бөлек қоқыс тасталуы тиіс. Алайда бәрі аралас, қоқыстың сұрыпталмайтынын халықтың ескермейтіні көрініп тұр. Бұл өз кезегінде қалдықтарды қайта өңдеуімізге үлкен кедергі.

Елордадағы қоқыс өңдейтін зауыт басшылығы полигондар аумағы кеңеймес үшін қоқысты өртеуді қолдайды. Алынған энергия өзін ақтамаса да, қала маңы тазарып қалар еді деген үмітте.

Айдын Нұрахметов, қоқыс өңдеу зауытының бас директоры:

Өртеу керек. Алайда бұл өте қымбат процесс. Қоқысты өртей алмайтынымызды ұғуымыз қажет. Оған қосымша энергия, техника керек. Қоқысты өңдеу арқылы электр энергиясын көптеп өндіруіміз мүмкін, бірақ ол өзін ақтамауы да мүмкін. Дегенмен қаланың шеткі тұсы қоқысқа үйілмесін десек, оны өртеген дұрыс.

Қоқыс полигондарындағы қоқысты өртеу қыруар жұмыс күшін, қаржыны талап етеді. Ал Қазақстанда қоқыстың көзін жою технологиясын білетін мамандар жоқтың қасы. Сарапшылар пікірінше, салынатын зауыттар еліміздегі бұрын салынған кәсіпорындардың тағдырын қайталауы мүмкін.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының жетекшісі:

Индустриялық инновациялық даму бағдарламасы аясында 30 миллиард доллар инвестиция әкелді. Бүгінде бір зауыты жұмыс істемейді. Сондай үлкен афераға айналып кетуі мүмкін мынау да. Қазақстанда маман жоқ. Бұны Ресейдің өзі жасай алмай отыр.WestEnergy-ді Экологиялық кодекске енгізді. Ол Экология министрлігінің еңбегі. Оны жүзеге асыруға кедергі келдірмеу керек.

Қазақстанда қоқысты өңдеп, одан энергия алуды көздейтін алты зауытқа 180 миллиард теңге жеке инвестиция тартылмақ. Экология министрлігі алдағы төрт жылда «бәрін қатырамыз» деп отыр. «Миллиондаған тонна қоқыс өртелсе, табиғатқа орасан зор зиянын тигізеді» деп шыр-пыр болған сенаторлар екі оқылымда заң жобасын қарағанымен, құжатты Мәжіліске қайтарып берді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.