{metadescription}
Ақтөбе-Маңғыстау пойызының жолсеріктерін басшылары сотқа бермек
Ақтөбе-Маңғыстау пойызының жолсеріктерін басшылары сотқа бермек

Ақтөбе-Маңғыстау пойызының жолсеріктерін басшылары сотқа бермек

Жекеге өткен Ақтөбе-Маңғыстау пойызын қауіпті деп дабыл қаққан жолсеріктерді басшылары сотқа бермек. Өйткені олардың ақпарат құралдарына таратқан ақпараты – жалған дейді.

Өткен аптада Ақтөбеде бір топ жолсерік өздері жұмыс істейтін пойыз жекеге өткелі жағдайдың қиындағанын айтқан. Өйткені жаңа компания мұздатқышқа қажетті жанармайды вагондарда ашық сақтайтын көрінеді. Жолсеріктер от тұтанса, түгіміз қалмай жанып кетеміз бе деп үрейленеді екен. Әрі вагондардың плацкарттан купеге қолдан ауыстырылғанын мәлімдеді. Бұған қоса карантинге байланысты пойыз бес айға тоқтағанда, басшылық айлығымыздың жартысын жарытып төлемеді деп өкпесін білдірген-ді.

Кеңсесі Ақтауда орналасқан Otpan logistic компаниясының өкілдері жолсеріктерге бес ай бойы «73 мың теңгеден төледік» деп отыр. Әрі вагондарымыз техникалық нормаларға сай дейді. Бұл шағымға бүкіл ұжым емес, тек 16 жолсеріктің қол қойғанын алға тартты. Енді сол қызметкерлерін шындыққа жанаспайтын ақпарат үшін сотқа сүйремек.

Ерлан Аманғалиев, Otpan logistic компаниясының өкілі:

- Жолсеріктердің айтқанымен, плацкарт вагондарды купе вагондарға өзгерту жұмысын біздің компания істей алмайды. Ондай жұмыс арнайы вагон ремонттау деполарында жасалады. Ешқандай отын вагон ішіне тасымалданбайды. Ол әңгіме де шындық емес. Вагондардың тазалығы, техникалық қызметібарлығы уақытында өткізіледі. Және техникалық нормаларға сай.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.