{metadescription}
Өртенген пәтерден келіншектің денесі табылды – Алматы
Өртенген пәтерден келіншектің денесі табылды – Алматы

Өртенген пәтерден келіншектің денесі табылды – Алматы

Ажалы оттан болды. Алматыда өртке оранған пәтерден 44 жастағы келіншектің денесі табылды. Тағы бір әйелді өрт сөндірушілер автосаты арқылы терезеден түсіріп құтқарып алды. Қазір ол ауруханада жатыр.

Қаланың элиталы ықшамауданында тіркелген оқыс жайтқа қатысты әзірге құзырлы органдар ашып ештеңе айтпады. Ал ажал құшқан марқұмның көршілері құтқарушылардың бір сағаттай есікті аша алмаған жайбасарлығына күйініп отыр.

Өрт Самал ықшамауданындағы үйдің жетінші қабатында сағат он шамасында басталған. Жалынның пәтерді толығымен жалмағанын сырттан-ақ байқауға болады.Оқыс жайттан тұрғындар әбден әбігерге түсті. Тоғыз қабатты үйдің жедел сатысы жарықты сөндіргендіктен әлі істемей тұр. Ал суға толған еден тек келесі күні тазартылды.

Өрт сөндірушілердің атқылатқан суы төменгі қабатқа өткені дымқыл қабырғадан көзге ұрып тұр. Ал ажал ауыз салған пәтердің есігі лентамен қоршалған. Марқұмның көршілері құтқарушылардың бір сағаттай темір есікті бұза алмағанына ашулы.

Манарбек Әбенов, көршісі:

Олардың қолында кішкентай балта болды. Сонымен темір есікті ұрғылап, бұзуға тырысты. «Не істеп жатырсыңдар, балтамен ашылмайды ғой» деп айқайладым.Тек 55 минуттан кейін әрең дегенде арамен кескілеп, ішке кірді. Бұл деген масқара! 

Жетінші қабатта тұтанған жалын тұрғындардың есін шығарды. Іште тірі қалған келіншектің терезеге асылып, «көмектесіңдер» деген дауысы әлсін-әлсін естілген. Газға уланып, әлсіреген әйелді құтқарушылар автосатымен түсіріп алды. Қазір ол ауруханада. Өкінішке қарай, іштегі екінші келіншектің тағдыр талқаны пәтерінде таусылды. Алау ауыздықталғанда оның жансыз денесі табылған. Ал өрт ас үйден шығыпты. Төрт бөлмелі пәтердің бәрі өртенбегенмен,  оны сөндіру оңайға соқпаған.

Гүлдана Нұрымбетова, Алматы қаласы ТЖД баспасөз хатшысы:

- Жанған заттар ас үйінде жанды. Барлық жиһаз жанып кетті. Өрттің 20 шаршы метрі ғана шықты. Ыстық болғандықтан, өрт сөндірушілер арнайы киіммен кіруге мәжбүр болды.

«Өрт неден шықты?» деген сауалға ресми органдар жауап бере алған жоқ. «Тексеріс қорытындысы шықпай, ештеңе айта алмаймыз» - деп қысқа қайырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.