{metadescription}
Алматы облысында лауазымды испектор браконьерлікпен айналысқан
Алматы облысында лауазымды испектор браконьерлікпен айналысқан

Алматы облысында лауазымды испектор браконьерлікпен айналысқан

Қасқырға қой бақтырғанның кері! Алматы облысында орман мен аңды қорғауы тиіс лауазымды испектор браконьерлікпен айналысқан. Саятшылықты жаны сүйетін ол ерекше қорғаудағы аймақта борсық аулапты.

- Борсық  мына сүңгімен өлтірілді.

- Мына борсықты сіз өлтірдіңіз! Қай жерде өлтіргеніңізді білмеймін, мында, көлікке лақтыра салған! 

- Тоқта, тоқта, мында иттер бар. Менің иттерім, итпен серундеп жүргем!

- Қалай серуендедің? Қарашы, қалай сөйлеп жатыр! 

- Міне, қан-жоса болып жатыр. Міне, ит қан-қан! 

Аңшылық үстінде ұсталып қалған испектор «борсықтарды өлтірген – сендер» деп, тәртіп сақшыларының өзіне жаппақ болды. Алайда бұлтартпас айғақ жетерлік екен. Екі итінің ауызы қан, борсықпен жұлысқан жарақаттары анық көрініп тұр. Аңды інінен иттерімен қуалап шығып, шанышқымен түйрепті. Саятшылыққа да алысқа ұзамай, өзіне сеніп тапсырылған Қаскелеңдегі Қасымбек шатқалына қызметтік көлікпен шыққан екен. 59 жастағы инспектор қолхатпен бостандықта жүр. Дегенмен бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін дейді сақшылар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде