{metadescription}
Атырауда 5-7 миллиондық аялдамалар қаңырап бос тұр
Атырауда 5-7 миллиондық аялдамалар қаңырап бос тұр

Атырауда 5-7 миллиондық аялдамалар қаңырап бос тұр

Атырауда әрқайсысы 5-7 млн теңгеге салынған автобус аялдамалары қаңырап бос тұр. Жабық аялдамаларды қалалық әкімдік жазда салқын, қыста жылы болады, оған қоса жеке кәсіпкерлер пайда табады деген жоспармен салған. Алайда күні бүгінге дейін ешкімге пайдасы болмаған аялдамалар қаңғыбастардың қажетіне ғана жарап тұр.     

Жолаушыларға жазда сая, қыста пана болуы тиіс аялдамалардың алды бір жарым жыл бұрын салынған. Алайда Атыраудың жаздағы аптап ыстығы мен қыстағы адам шыдатпас желіне арналған аялдамалар халық игілігіне әлі жаратылмай тұр. Қала тұрғындары күдерін әлдеқашан үзген.    

- Бос тұрғанын көреміз, тиімді пайдаланылып жатыр деп айта алмаймын. 7 миллион теңге бір аялдамаға көп қой. Ол ақшаға жақсы бір үй салып алуға болады. 7 миллионға құттай аялдама салу бюджеттің ақшасын тиімсіз пайдалану деп есептеймін.

Жылуы болмаса, онда не үшін керек? Істеуі үшін осылай сұхбат беріп, үкіметке жеткізу керек шығар. Жылу қосатын уақы келді ғой. Жалпы іске қосып қоюы керек қой, егер басқа жұмысы болмаса. 

Қалалық коммуналдық меншік иелері өзінің қолынан келмейтін болғасын істі басқаруды кәсіпкерлерге ұсыныпты. Олар шағын дүкен ашып,  қабырғасына жарнама іліп, бұдан түсетін ақшаның жартысын мемлекетке қайтаруы тиіс. Бірақ мұның бәрі әлі қағаз бетіндегі әңгіме күйінде тұр.       

Гүлхан Ғалымжанова, Атырау қалалық қаржы басқармасы басшысының орынбасары:

- Ол тендерге қойған талаптарға сай өзінің пайдасының белгілі бір мөлшерін өкіметке береді. Пайызбен есептегенде 50 пайызын береді.

Оған қоса жалға алушы ерекше аялдамалардың қыста жылы, жазда салқын тұруын қамтамасыз етіп, айналасындағы тазалықты ретке келтіріп,  коммуналдық төлемдерді де өзі төлеуі шарт. Әкімдіктегілердің айтуынша, тендерді жеңіп алған кәсіпкерлер бар, бірақ олардың іске қашан кірісетінін  ешкім білмейді.

Әрқайсысының құны бір бөлмелі пәтерден қымбат аялдамалардың бүгінгі күйі осы. Әзірге қала көшелеріне тап осындай 47 жаңа аялдама салынды. Олардың ашығына қала бюджетінен 5 миллион, жабықтарына 7 млн теңге жұмсалған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде