{metadescription}
Ішкі нарыққа арналған газды сыртқа сату тыйымы ұзартылды
Ішкі нарыққа арналған газды сыртқа сату тыйымы ұзартылды

Ішкі нарыққа арналған газды сыртқа сату тыйымы ұзартылды

Ішкі нарыққа арналған газды сыртқа сатып пайда көрем дейтіндерге енді жол жоқ. Энергетика министрлігі оның саудасына салынған тыйымды тағы ұзартты. Ал алыпсатарлыққа көрші елдермен арадағы бағаның айырмашылығы себеп. Мысалы, біздегі газдың бір тоннасы 43 мың, Ресейдің шекаралас облыстарында 164 мың теңге.

2019 жылы Қазақстанда 3 миллион 200 мың тонна сұйытылған газ өндіріліпті. Биылғы меже де осы шамада болмақ. Ішкі нарықты отынның осы түрімен қамтамасыз етіп отырған 9 өндіруші зауыт бар. Энергетика министрлігінің мәліметінше, газды ішкі нарықтағы тұтыну көлемі жыл сайын артып келеді екен. Мысалы, 2019 жылы 1 миллион 400 мың тонна сұйық отын пайдаланылған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық. Ал биылғы көрсеткіш одан да көп. Бірақ осы сұранысқа қарамастан газды сыртқа таситындар азаяр емес. Сондықтан үш жыл бұрын қабылданған тыйым тағы үш жылға ұзартылды

Зияш Қияқбаев, ҚР Энергетика министрлігі Газ және мұнай-газ химиясы департаментінің директоры:

Сұйытылған газдың бағасына қатысты көршілерімізбен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық бар. Көрші елдердегі бір тоннасы 4-5 есеге қымбат. Бұл әсіресе батыс аймақтағы азаматтарды ерекше қызықтырады. Бұл тыйымды елемегендер жауапкершілікке тартылады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде