{metadescription}
Тоқаев: Қандастардың әлеуметтік жәрдемақысы екі есе өсіріледі
Тоқаев: Қандастардың әлеуметтік жәрдемақысы екі есе өсіріледі

Тоқаев: Қандастардың әлеуметтік жәрдемақысы екі есе өсіріледі

Қандастарға берілетін әлеуметтік жәрдемақының көлемі екі есе өсетін болды. Қазір ол 100 мыңның шамасында. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай жаңалық айтты. Қандастардың баспана мәселесіне де қолдау керек деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Бұл шара қандастардың осындай жұмыс күші тапшы аймақтарға көшіп баруына қосымша серпін береді. Шетелде туып-өскен қазақтардың бәрі тарихи Отанын мақтан тұтады. Көптеген қандасымыз атажұртқа оралып жатыр. Оларға алғашқы кезде мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуі тиіс.

Президенттің айтуынша, отандастарымыздың оңтүстіктен солтүстікке көшіп бару қарқыны жаман емес. Оған Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барғанда көз жеткізіпті. Дегенмен ішкі миграцияны барынша жеңілдетуге бірқатар шара қабылдау керек. Мәселен, «Enbek.kz» электронды еңбек биржасының базасында бірыңғай ақпараттық база құру керек. Солтүстікке көшіп барғандар сол жерден мемлекеттің көрсететін барлық қолдауы жайлы ақпаратты жедел алып отыру керек.

Тұрғын үймен қамту мәселесі де толық шешілмеген. Өйткені олар бір жылға берілетін қандас мәртебесінің мерзімі біткенше ғана үй алуға мүмкіндігі бар. Азаматтық алған бойда бұл мәртебесі жойылады. Сондықтан қандастар солтүстік өңірге көшіп барған жағдайда олардың үй кезегі мәселесі сақталатын болды. Мемлекет басшысы келер жылғы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына да тоқталды. Тоқаевтың айтуынша, атаулы мереке даңғаза той-томалақпен емес, басқаша өткізілуі керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Келер жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы келе жатыр. Ол саяси-экономикалық реформалар мен цифрландыру, адам құқықтары, білім, денсаулық және экологияны қорғау бастамасымен өтуі керек. Қазір есепсіз той-томалақ өткізетін заман емес. Негізгі мәселелерді кейінге шегере бермей, тез арада шешіп, нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде