{metadescription}
Онлайн сайлау болмайды
Онлайн сайлау болмайды

Онлайн сайлау болмайды

Алдағы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына пандемия еш әсер етпейді. Сайлау еш өзгеріссіз, бұрынғыдай өтеді. Онлайн сайлау болмайды. Орталық сайлау комиссиясы осылай мәлімдеді.

Өйткені карантин енгізілуіне байланысты немесе басқа да жағдайларға қатысты сайлауды өткізбеу немесе кейінге шегеру деген ешбір заңда жазылмаған. Комиссия мүшелерінің айтуынша, мәселе тек сайлаудың тиімділігі мен лауазымды тұлғаларға ғана қатысты туындауы мүмкін. Оның үстіне бірқатар елдерде сайлау өтіп жатқанын да мысалға келтіріп отыр.

Пандемия қаупіне қарамастан, бізде жазда да Сенат депутаттарын сайлау өткен еді. Бірақ онда сайлаушылар саны аз болып, сонымен бірге денсаулық сақтау мамандары сақтық шараларын күшейткен болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.