{metadescription}
Ақтөбеде коронавирустан емдейтін дәрі қорын жасамаған
Ақтөбеде коронавирустан емдейтін дәрі қорын жасамаған

Ақтөбеде коронавирустан емдейтін дәрі қорын жасамаған

Ақтөбеде тексерушілер коронавирусты емдеуге арналған дәріні қоймадан таба алмады. Президент індет қайта өршіген жағдайда қиналмас үшін дәрі-дәрмектің екі айлық қорын жасақтауға тапсырма берген еді. Бірақ «СК-Фармацияның» батыстағы өкілдері ол бұйрықты толық орындай алмаған.

Расул Медетов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:

- Екі айға дейінгі қор болу керек. Яғни, тауар  таратылады. Таратылып кеткеннен кейін бірден басқасын сатып алып,  орнын толтырылып тұру керек. Өкінішке орай, білмеді ме, қызметкерлері бүгінгі таңда Ақтөбе облысының қорында «Авифовир» жоқ екендігі анықталды.

«СК-Фармацияның» батыстағы логистикалық хабы Ақтөбеде орналасқан. Көршілес Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы ауруханаларға дәрі осы жерден таратылады. «Covid-19» вирусына қарсы «Авифовир» препараты мұнда жоқ. Ол дәрі министрлік бекіткен негізгі емдеуге арналған тізімнің басында тұр. Бірақ «СК-Фармациядағылар» емдеу мекемелеріне «таратып бердік» деп ақталады. Тексеруге шыққандар оны Ақтөбедегі ең ірі аурухана – медициналық орталықтан да таба алмады. Қоймадағылар жоқ дәріні қайта толтырып қоямыз деп ант-су ішіп отыр.

Нұрлан Жұбанышев, «СК-Фармация» ЖШС Ақтөбе облысы бойынша өкілі:

- Қоймада болмағанымен ол дәрілер партиясы келгенін емдеу мекемелерінің сұранысымен таратылды, біріншіден. Екінші партиясы келгенде, осы айда қайтадан толтырып қояды. Стабфондқа біз тапсырыс бермейміз. Стабфонд Астанада денсаулық министрлігі келісімімен жиналып, осы жаққа жіберіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.