{metadescription}
Ковид-19: Соңғы тәулікте дерт 141 адамнан анықталды
Ковид-19: Соңғы тәулікте дерт 141 адамнан анықталды

Ковид-19: Соңғы тәулікте дерт 141 адамнан анықталды

Коронавирус тағы екі отандасымыздың өмірін қиды. Екі жағдайда да індетті пневмония асқындырып жіберген. Жалпы соңғы тәулікте дерт белгілері 141 жерлесімізден анықталды.

Ауру Шығыс Қазақстанда әлі де ушығып жатыр. Соңғы статистикаға сәйкес, ең көп жұқтырғандар аталмыш аймақтан. Одан кейін Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары. Ал Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында азайған. Жаңадан жұқтырғандар мұнда бірлі-жарым ғана. Ал 84 адам жазылып шықты. Аурумен күресте жоғары нәтижеге Қостанай облысының дәрігерлері жетіп отыр. Мұнда бір тәулікте 48 науқасты жазып шығарды. Солтүстік Қазақстанда да көрсеткіш өте жақсы – 12 адам аурудан айыққан. Дегенмен жер-жерде пневмонияның таралуы қауіпті дертті жеңуге мұрша берер емес. Коронавирус белгілері бар пневмонияны тағы 181 адам жұқтырып, 2 адам қайтыс болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.