{metadescription}
Маңғыстаулық кәсіпкерлердің көңілі неге күпті?
Маңғыстаулық кәсіпкерлердің көңілі неге күпті?

Маңғыстаулық кәсіпкерлердің көңілі неге күпті?

Маңғыстаулық киносүйер қауымды карантиндік шектеуді жеңілдету шарасы қуанта қоймады. Әсіресе шығынға шаш етектен батқан кәсіпкерлердің көңілі күпті.

Аймақтағы кинотеатр иелерінің айтуынша, жеті айдан кейін есіктерін айқара ашқанымен, тұралаған саланың қайта оңалуы қиын. Себебі, залда бар-жоғы 30 пайыздан аспайтын көрерменге кино көрсету  кеткен қаражатты ақтамайды дейді олар.

Шектеуді жеңілдетуде Маңғыстаудағы супермаркеттер мен дәмханалардың жұмысы бір сағатқа ұзарды. Қоғамдық көліктердің де қарасы көбейіп, жұмыс кестесі ұлғайды. Тұрғындарға сенбі күні кешкі сағат 5-ке дейін сауда орталықтарын аралауға мүмкіндік бар. Діни нысандар, фитнес орталықтар мен спорт залдары да жандана бастады.

Ал дүйсенбіден бастап тұрғындардың кинотеатрларға келуіне рұқсат етілген. Тек жұмыс күндері түнгі сағат 10-ға, сенбіде кешкі 5-ке дейін кино тамашалай аласың. Алайда жай күндері ешкімнің кино көрмейтінін алға тартқан кәсіпкерлер бүйте берсек жалдау ақысы мен қызметкерлердің еңбегін төлей алмай, қып-қызыл шығынға ұшыраймыз дейді. Қазірдің өзінде Ақтаудағы төрт кинотеатрдың екеуі жұмысына қайта кірісуден бас тартыпты. Ал тығырыққа тірелген кәсіпкерлер шығынды өтеу үшін бағаны көтеруге тура келетінін айтады. Бірақ мұндай қадамға барғысы келмеген маңғыстаулық кинотеатр иелері, ең болмағанда залдың жартысы толуы тиіс деп есептейді.

Данияр Айса, кинотеатрлар желісінің иесі:

Біз жеті айдың ішінде 350 миллион теңге жоғалттық. Үкімет, санитар дәрігер арқылы әуре-сарсаңға түсіріп қойды. Отыз пайыздық көрерменді айтпағанның өзінде демалыста жұмыс істемейміз. Ал негізінде табысты демалыс күндері табамыз. Шындығында 50 пайыз көрермен жиналса, бағаны түсіруге де мүмкіндік бар. Тағы бір қиындығы, жалға алу ақысына қатысты сауда орталықтары да алқымнан алып жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.