{metadescription}
Сырттан келетін қазақстандықтың ПТР-тесті болуы тиіс
Сырттан келетін қазақстандықтың ПТР-тесті болуы тиіс

Сырттан келетін қазақстандықтың ПТР-тесті болуы тиіс

26-қазанан бастап сырттан келетін кез келген қазақстандықтың ПТР- тест анықтамасы болуы керек. Онсыз олар ұшаққа мінгізілмейді. Еліміздің көліктегі бас мемлекеттік санитары осындай талап енгізді. Олардың айтуынша, шетелден ұшып келіп жатқан отандастарымыз осындай талап енгізуді сұрап жатыр екен.

Сәдуақас Байғабылов, Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігер:.

Негізгі себебі, шектеу шаралары қатаңдатылған 6-қазаннан бастап елімізге шетелден 30 мыңнан астам жолаушы келді. Солардың арасынан 19 қазақстандықтан тест нәтижесі коронавирус жұқтырғанын анықтап берді. Сондықтан коронавирусты сырттан әкелу жағдайларына тосқауыл қою үшін осындай талап енгізіп отырмыз.

Мұндай талап осыған дейін шетелден келетін азаматтардың ішінде тек шетелдіктерге ғана қойылған еді. Теріс тест нәтижесін растайтын анықтамасы болмаған жағдайда шетелдіктер ұшаққа мінгізілмейтін. Енді бұл талап қазақстандықтарға да қолданылады. Өйткені шектеу шараларын енгізгелі бері тұрғындардан 50-ден аса телефон қоңырауы келіп түскен. Хабарласып жатқандар өңкей Мысырдан, Түркия мен Германия, Ресейден кеп жатқан отандастарымыз екен. Олар шетелден келетін барлық қазақстандықтың ПТР-тест анықтамасы болуы керек деген ұсыныс білдірген. «Өйткені олар да сырттан келгенде ұшақ ішінде коронавирус жұқтырған адамның жоқ екеніне көзін жеткізгісі келеді», - дейді маман.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.