{metadescription}
Коронавирус еркектің бала туғызу қарқынын бәсеңдетеді
Коронавирус еркектің бала туғызу қарқынын бәсеңдетеді

Коронавирус еркектің бала туғызу қарқынын бәсеңдетеді

Пандемия кезінде елімізде демографиялық өсім азаюы мүмкін. Себебі, коронавирус инфекциясы ерлердің бала туғызу қарқынын бәсеңдетеді. COVID-19-бен ауырған жігіттердің басым көпшілігінде ұрық болмайды дейді дәрігерлер.

Мәселен, Алматыдағы репродукциялық орталыққа келіп ем қабылдап жүрген үш жігіттің шауһаттары тартылып қалған. Өйткені үшеуі де бұған дейін коронавируспен ауырыпты. Алайда мамандар ерлердің ұрығы 75 күн сайын жаңарып отырады дейді. Сондықтан COVID-19-бен ауырғандар  үш айға дейін бала туғыза алмайды деген болжам бар.

Ал коронавирусқа шалдыққан жүкті әйелдер арасында түсік тастау мен ерте босану жиілеген. Әлемдік статистикаға сүйенсек, инфекция жұқтырған жас аналардың 20 пайызы уақытынан бұрын босанған. Сондықтан осындай қиын кезеңде дәрігерлер бала сүюді жоспарламай қоя тұру керек дейді.

Вячеслав Локшин, Репродуктивті медицина қауымдастығының президенті:

Жас отбасы бала сүюді келесі жылға шегере тұрғаны абзал. Себебі, аяқ астынан коронавируспен ауырып қалса, қауіпті індет ұрпағына қалай әсер ететіні белгісіз. Ал 35-40-қа келіп қалғандарға жүктілікті шегерудің қажеті жоқ. Онсыз да жасы ұлғайып барады. Бірақ жеке бастың тазалығын сақтап, көшеге шықпай, қоғамдық орындарға бармай, сәби өмірге келгенше сақтанып жүру керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде