{metadescription}
«Бек Эйр» 34 миллион теңге төлеуге міндеттелді
«Бек Эйр» 34 миллион теңге төлеуге міндеттелді

«Бек Эйр» 34 миллион теңге төлеуге міндеттелді

«Бек Эйр» тағы да 500 билеттің ақысын қайтаратын болды. Алматы соты жылға жуық уақыт жұртты сандалтып қойған әуе компаниясын клиенттеріне 34 миллион теңге төлеуді міндеттеді.  

Бастапқыда тек 108 жолаушы сотқа шағым түсірген екен. Оларға «Бек Эйр» 8 миллионға жуық теңге қайтаруы тиіс болған. Алайда билет ақысын былтырдан бері қайтара алмай жүрген халық бұдан да көп боп шықты. Процестің ортасында шағымданушылар 500-ден асып кетті. Ал жалпы сома 34 миллион теңгеге бір-ақ жетті. Билет дауына қатысты сот бұл жолы да жолаушыларды қолдап, әуе компаниясын 34 миллионның соңғы тиынына дейін төлеп беруге міндеттеді. 500 жолаушының барлығы да билетті желтоқсандағы ұшақ апатына дейін сатып алған. Бірақ «Бек Эйр» ол қарыздан әлдеқашан құтылғанын айтып қашып жүріпті.

Былтыр желтоқсанда болған ұшақ апатынан соң «Бек Эйрдің» рейстері жаппай тоқтатылған. Соның салдарынан алдын ала билет алып қойған дүйім жұрт ақшасын қайтара алмай, компанияны сотқа берді.  

Әлихан Шәкенов, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің басқарма жетекшісі:

«Бек Эйрға» қатысты біз сотқа үш мәрте шағым түсірдік. Барлығына әуе компаниясы 93 миллион теңге қайтаруы тиіс. Нақты қанша ақшаның қайтарылғаны туралы бізде мәлімет жоқ. Бірақ соттың шешіміне сәйкес, белгіленген уақыттың ішінде әуе компаниясы шешімді орындауға міндетті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.