{metadescription}
Қожайыны оққа ұшқан демалыс кешенінде бір топ жігіт қырғын салған – Алматы облысы
Қожайыны оққа ұшқан демалыс кешенінде бір топ жігіт қырғын салған – Алматы облысы

Қожайыны оққа ұшқан демалыс кешенінде бір топ жігіт қырғын салған – Алматы облысы

Алматы облысында қожайыны оққа ұшқан демалыс кешенінде жиырма шақты жігіт қырғын салған. Басынан бақайшағына дейін қаруланған топ әй-шайға қарамастан оқ жаудыра бастапты. Күдіктілерді, тіпті бала-шағаның жүргені де тоқтатпаған. Бұл туралы атыста зардап шеккен аймақ иесінің серіктесі айтып берді.

Ал тапа-тал түсте болған атыстан екі адам жараланды. Екеуі де ауыр жағдайда. Ал қаскөйлер екі күннен бері жер-көктен іздестіріліп жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, екеуі ұсталған көрінеді. Тілшіміз атыс-шабыс фильмдерінен асып түспесе, кем түспейтін қырғын туралы:    

Константин Кузнецов әлі өз-өзіне келе алмай жүр. Кәсіпкердің күні кеше ғана көз алдында серіктесі оққа ұшты. Одан қалды, өзі де ажал құша жаздады. «Поляна» демалыс аймағы қожайынының айтуынша, қаскөйлер төрт көлікпен баса-көктеп кіріп келіпті. Содан әй-шайға қарамастан, «Қожайын қайда?» деп айқайға басқан. Серіктесі «мен» деп, суырылып шыға бергені сол екен, жиырма шақты жігіт бір кісідей оқ жаудыра бастапты.

Константин Кузнецов, «Поляна» демалыс аймағының қожайыны:

- Спорттық киім киіп алған жиырма шақты жігіт кіріп келді. Бәрі қаруланып алған. «Қожайын қайда?» деп, ата бастады. Қайта демалушыларға тиіспеді. Қасақана біздерге қарсы атты. Өзіміздің балаларымыз да осында ойнап жүрген. Оларды қорғап, жан-жақа қаша бастадық.

Атыс болатын күні демалыс кешенінде халық көп болыпты. Футбол алаңы жеңіл көліктерге толып тұрған дейді. Ал кейбір отбасылар іште тіпті бала-шағасының туған күнін тойлап жатыпты.

Жан-жаққа жауған оқ үйдің ішіне де өтіп кетіпті. Қожайынмен бірге қаскөйлерден қашқан қызметкерлердің біреуі жараланды. Біреуі үйдің жанында оққа ұшса, екіншісі балалар алаңында құлаған. Қаскөйлерді демалушылардың бала-шағасымен жүргені де тоқтатпаған. Атыста бас сауғалап қашқан жұрт  күдіктілерді ұялы телефонға түсіріп үлгеріпті.

Адамдардың бас салып полиция шақыртып жатқанын естіген күдіктілер көп ұзамай із-суытқан. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Ал атыста аяғынан жараланған кәсіпкер мен қызметкері шұғыл түрде Алматыдағы ауруханаға жеткізілді.

Анарбек Монғол, Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Өміріне төнетін қауіп жоқ. Ем-дом жүргізіп жатыр. Ертең бір науқасқа, яғни балтыр аймағындағы оқтың, қорғасын алу және аппарат салу отасын  жоспарлап жатырмыз. 

Оқ 40 жастағы қожайынның сол аяғын тесіп өткен екен. Оған ота жасалды. Ал 26 жастағы қызметкерінің халі қиын. Себебі, сүйегін сындырған оқ балтырында қалып қойған. Асық жілігі зақымдалған соң, оның мүгедек боп қалуы мүмкін дейді дәрігерлер. Ал тапа-тал түсте оқ жаудырғандарды полиция жер-көктен іздеп жатыр.  

Серік Үпиев, Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Қылмысқа қатысы бар күдіктілерді анықтауға бағытталған және оларды ұстауға кешенді шаралар жүргізілуде.

Мәліметтерге сәйкес, бес күдіктінің аты-жөні белгілі. Оларға Нұр-Сұлтан мен Алматыда, одан кейін осы екі қаланың арасындағы тас жолда іздеу салынған. Ал аман қалған демалыс аймағының екінші қожайыны бұл кешенге қызығып жүргендердің ісі болуы мүмкін дейді. Себебі, ішінде атпен серуендеу, балық аулау секілді демалыс түрлері көп аймақ кімді де болса қызықтырмай қоймасы белгілі.    

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

14 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.