{metadescription}
Сот ғимаратын жармақ болды
Сот ғимаратын жармақ болды

Сот ғимаратын жармақ болды

Тараз тұрғыны сот ғимаратын «жарамын» деп елді дүрліктірді. Ол мекемеге кірген бойда, «сөмкемде граната бар, оны іске қосамын» деп айғайлаған. 

Бұл туралы 102 -ге хабар түскен. Оқиға орнына күштік құрылымдар жедел жетіп, қалалық нөмірі 2-ші сот ғимаратын қоршауға алған. Осы жерде көптің үрейін алған 49 жастағы азамат құрықталады. Тексеріс кезінде оның сөмкесінен ешқандай жарылғыш заты табылмаған. Белгілі болғаны, бұл азаматтың ақыл есінде ауытқуы бар екен. Ол психдиспансерде тіркеуде тұрған. Қазір бұл іске қатысты тергеу басталды.  

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 273 бабы, яғни терроризм туралы көрінеу жалған хабарлау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Жамбыл облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

25 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде