{metadescription}
Алматыдағы нысандар аптасына үш рет дезинфекцияланады
Алматыдағы нысандар аптасына үш рет дезинфекцияланады

Алматыдағы нысандар аптасына үш рет дезинфекцияланады

Алматыда коронавирусқа қарсы сақтық шаралары күшейтіліп жатыр. Енді қала бойынша залалсыздандыру жұмыстары аптасына үш рет жүргізілмек. Санитарлық жұмысқа тартылатын адамдардың саны да екі есеге артқан. Халық көп шоғырланатын «Метрополитен» де қауіпсіздікті күшейтіп отыр. Дезинфекторлар әсіресе індет жұқтыру қаупі өте жоғары подьездер мен жеделсатыларды арнайы сұйықтықпен тазалауға көшкен.

Алматыда карантин тәртібі жеңілдетілгеннен кейін коронавирусқа қарсы сақтық шаралары керісінше күшейтілді. Енді қаладағы көпқабатты үйлердің кіреберістері мен подьездер, аулалар мен ойын алаңдарында дезинфекциялау жұмыстары аптасына үш рет жүргізілмек. Осындай санитарлық жұмысқа 573 адам жұмылдырылған. 

Қарашада қызметі қарқын алған дезинфекторлар аммоний қосындысы бар сұйықтықпен шаһардағы аялдамалар, көшелер мен тротуарларды да залалсыздандырмақ. Коммуналдық қызметкерлер жұрт үрке қарайтын бұл сұйықтық вирусты демде жойып, көзге көрінбейтін кеселдің ауа арқылы таралуына жол бермейтінін айтады.

Бабек Жұмақаев, Алмалы ауданындағы дезинфекция бойынша менеджер:

- Сұйықтықтың адам ағзасына еш зияны жоқ. Шанхай клиникасында аталған қосындының СOVID-19 инфекциясын 99 пайызға жоятыны дәлелденген. Қазір індет өршіп тұр. Сондықтан тұрғындардың дезинфекторлардың жұмысына кедергі келтірмеуін сұраймын. 

Қарбаласта халық көп шоғырланатын Алматы метросы да қауіпсіздік шараларын күшейтті. Бекеттердің іші жиі тазаланып, «Метрополитен» қызметкерлері санитарлық ережелердің сақталуын жіті қадағаламақ. Жер асты жүрдек пойыздары да эпидемиологиялық тәртіптен ауытқымай күн сайын дезинфекцияланып тұрады.

Роллан Балғабаев, «Метрополитен» МКК қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы:

- Эксолаторды, есіктердің тұтқаларын, жеделсатыларды әр сағат сайын дезинфекциялық сұйықтықпен тазалаймыз. Санитайзерлер карантин жарияланған соң қойылды. Біз тағы жүзін қостық. Тазалыққа жауапты компанияның 200 адамы бар. Әр станцияға бөлінген. 

Шаһардың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ауру айылын жимаса науқастар кез келген уақытта күрт көбейіп, карантин қайтадан күшейтілетінін ескертеді. Сондықтан ол тұрғындарды ұдайы сақтанып жүруге шақырып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.