{metadescription}
Covid-19: Бір күнде 800-ден астам науқас анықталды
Covid-19: Бір күнде 800-ден астам науқас анықталды

Covid-19: Бір күнде 800-ден астам науқас анықталды

Елімізде індет әлі өршіп тұр. Қауіпті кесел жұқтырғандардың қатары күрт көбейгені соншалық, соңғы тәулікте 810 адам вирус жұқтырыпты. Оның ішінде 568 тұрғыннан ковид-19 анықталса, 242 отандасымыз коронавирустық пневмонияның құрығына іліккен.

Бұдан басқа коронавирус бір тәулікте 6 науқастың өмірін жалмады. Дәтке қуаты коронавирустық пневомонияға қатысты ешқандай өлім дерегі тіркелмеді. Мамандар әдеттегідей тізімнің күрт өсуін демалыс күндері  ауруханалар жабық болып, тұрғындардың апта басында тест тапсыруға келетінімен түсіндірді. Айта кетейік, өткен тәулікте тек Қызылорда облысында ғана сырқаттардың саны артқан жоқ. Өкінішіке қарай, Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 237 адам коронавирус жұқтырған. Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында да жағдай мәз емес. Айта кетейік, пандемия басталғалы елімізде коронавируспен ауырғандардың саны 118 мыңға жуықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде