{metadescription}
Шетелге шығамын деп балаларынан айырылды. Шымкент тұрғыны 8 айдан бері шекарадан өте алмай жүр
Шетелге шығамын деп балаларынан айырылды. Шымкент тұрғыны 8 айдан бері шекарадан өте алмай жүр

Шетелге шығамын деп балаларынан айырылды. Шымкент тұрғыны 8 айдан бері шекарадан өте алмай жүр

Шетелге шығамын деп балаларынан айрылды! 23 жыл Сарыағаш қаласында тұрған Өзбекстан азаматы наурыз айында туған жеріне кеткен екен. Енді шекараны кері кесіп өте алмай жүр. Ал, Қазақстанда қалған үш қызы жетімдер үйіне өтіп кетіпті. Балаларын 8 айдан бері көре алмай жүрген әйел енді жергілікті биліктен көмек сұрайды. Шымкенттегі үш қыздың тағдыры мен шетелде қалған анасы туралы тілшіміз Бек Әбиев толықтырсын.

Баларымды көргім келеді деген бұл әйел - Елена Тен. 97-ші жылы ата-анасы және екі бауырымен Ташкенттен Қазақстанға көшіп келген. Бірақ, содан бері мектепте оқуға мүмкіндігі болмай, Сарыағаштың жылыжайларында жұмыс істеп жүре берген. Азаматтық алуға да өтініш бермепті. Қазір, 12, 5 және бір жасқа да толмаған 3 қызы бар. Өзбекстандық паспортының мерзімі өтіп кеткен соң жаңартпақ мақсатта биыл наурыз айында Ташкентке өтеді. Артынша карантин болғандықтан, шекара жабылып, өзі Өзбекстанда қыздары Қазақстанда қалып кеткен. Содан бері 38 жастағы әйел қыздарын сағынып шекара жағалап жүр.

Елена қыздардың үлкені мен ортаншысын өзі былтыр босанар кезде уақытша Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына өткізіпті. Ал, өзі Өзбекстанда қалып қойған соң танысына тапсырған кенжесі де бөбектер үйіне жөнелтілген. Қазір, қыздардың жағдайы жақсы. Олар аптасына екі рет аналарымен видео қоңырау арқылы хабарласып тұрады.

Назгүл Құрманәлиева, Шымкент қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының уақытша міндетін атқарушы:

- Сөйлескен кезде сағынады. Жылайды. Бір-бірін алып кетші деп сұрайды. Енді ол тек анасының қолында болмай тұр ғой. Қолында болса алып кетер еді. Бірақ байланыс бар. Сөйлесіп тұрады. Балалар анасын көріп тұрады видео арқылы.

Үш қыздың үлкені Виктория Өзбекстанда туылғандықтан сол елдің туу туралы куәлігі бар. Ортаншысы 5 жасар Инганың құжат түгілі, нақты қай күні туылғанын да ешкім білмейді. Ал, келесі айда бір жасқа толатын кенжесі Александраға бөбектер үйіне өткен соң ғана құжат жасалыпты. Анасы мен үш қыздың құжаттарын рәсімдеп, кездесуіне күш салып жүрген Сана сезім ұйымы Елена Тенге карантин кезінде Қазақстанға кіру үшін рұқсат беретін анықтаманы екі мәрте алдырып берген екен. Бірақ, белгісіз себептермен Өзбекстан жағы өткізбей қойғанын айтады. Қазіргі басты мақсат қыздарды анасымен қосу дейді олар.  

Раушан Құдайшүкірова, «Сана Сезім» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі:   

- Үш қыздың тек екеуінде ғана құжаты болғаны анасымен кездесуге қолбайлау болып тұр. Келесі апта ортаншы қыздың туу тегін анықтау бойынша сот отырысы болмақ. Соттың шешімімен ары қарай ортаншы қызы Ингаға құжат жасалса, анасымен жолықтыру қиынға түспес деп ойлаймыз.

Үш қыздың құжаты түгенделсе, оларды Өзбекстандағы анасына өткізуге болады екен. Ары қарай сол елде қалады ма жоқ па ол өз қалауы. Бірақ,Елена Тен Сана Сезім ұйымына Қазақстан азаматтығын алғысы келетінін айтқан екен. Егер анасы мен қыздары қауышып жатса, азаматтықты алу бойынша жұмыстар жасалынатын болады. Оның үстіне жастайынан қиындық көрген әйел мен тірі жетім күйінде жүрген қыздарға уақытша баспана беруге дайын азаматтар да шығып жатыр.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

25 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде