{metadescription}
Азық-түлік бағасының аспандап кетуіне сенаторлар да алаңдай бастады
Азық-түлік бағасының аспандап кетуіне сенаторлар да алаңдай бастады

Азық-түлік бағасының аспандап кетуіне сенаторлар да алаңдай бастады

Аспандап кеткен азық-түліктің құны депутаттардың ұйқысын қашырып жүр. Шенеуніктердің жауап беруін талап еткен сенаторлар бір жылдың ішінде тауардың қымбаттағаны қалтаны қақты деп отыр. Әсіресе, отандық өнімдер бағасы импортқа қарағанда өсіп кеткен.

Сергей Карплюк, Сенат депутаты:

- Соңғы жылы азық-түлік тауарларының құны 10,8% -ға өсті. Бір қызығы, шеттен әкелінетін емес, Қазақстанда шығарылатын өнімдердің бағасы тым қымбат. Бұған қандай себеп бар? Алдағы уақытта ел Үкіметінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қымбаттатпау үшін қандай жоспары бар?

Министрлер кабинеті болса, аспандаған бағаның жайын беске білетіндерін жасырмады, қолдарынан келгенін істеп жатырмыз деп ақталды. Бір жағынан, әлемдік пандемия мен шекаралардың жабылуы да себеп екен. Үкімет есебінше, азық-түлік 10 емес, 7 пайызға қымбаттапты. Инфляцияға қатысты айтар болсақ, Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, оның да деңгейі биыл 7 пайыздан аспауы тиіс. Ал елді толығымен отандық тауарлармен қамтуды атқарушы билік үш жыл ішінде қатырмақшы. Тіпті, импортқа тәуелділік мәселесін шешу үшін кезең-кезеңмен жүзеге асатын тиісті құжат әзірленген.

Асқар Мәмин, ҚР Премьер-министрі:

- Алдағы үш жыл ішінде алты тауар тобы бойынша импортқа тәуелділікті жою жоспарлары жүзеге асырылады. Атап айтқанда, қант, құс еті, алма, сүт өнімдері және балық. Ол үшін бізге бірқатар инвестициялық жобаны іске асыру керек. Олардың саны 200-ден асады, жалпы сомасы 750 миллиард теңге. Біз өз алдымызға 2021-2023 жылдар ішінде импортқа тәуелділікті біржолата жою міндетін қойдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

23 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.