{metadescription}
Түздегі төрт түлікті атып алған ұрылар ұсталды
Түздегі төрт түлікті атып алған ұрылар ұсталды

Түздегі төрт түлікті атып алған ұрылар ұсталды

Ақмола облысында мал ұрлығымен айналысып, тұрғындардың төрт түлігіне қырғидай тиген бір топ ұры Нұр-Cұлтанда ұсталды. Олар өрісте жүрген ірі-қара мен жылқыны мылтықпен атып, көлікке тиеп әкетіп жүрген.

Ұсталғандар бірнеше ай бойы Астрахан мен Егіндікөл аудандарын шулатқан. Жұрттың тірнектеп жиған төрт түлігін түнделетіп үптеп кетеді екен. Бақташыларға малдың ішек-қарны мен бас-сирағын ғана тастап кетіп отырған. Ақыры, тәртіп сақшылары ұрылардың ізімен астананға дейін келген. 4 адамнан құралған топ өрістегі малды сол жерде жіліктеп, етін базарларда саудалаған. Ұсталғандардың үшеуі Астрахан ауданынан, біреуі Нұр-Сұлтан қаласының тумасы. Ұрылардың екеуі бұған дейін қалмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Қазір олардың қанша бас мал ұрлағаны тексеріліп жатыр.    

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:  

- Оларды анықтау үшін ұйымдастырылған кешенді шаралар кезінде қылмыстық топтың қарулы екені және де қандай көлікпен жүретіні анықталды. Ұрылардан айғақ заттар да табылды. Қазір «Мал ұрлығы»бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдіктілер қамауға алынды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.