{metadescription}
Питбуль 2 жасар баланың басын жұлып ала жаздады
Питбуль 2 жасар баланың басын жұлып ала жаздады

Питбуль 2 жасар баланың басын жұлып ала жаздады

Атырауда құтырған ит 2 жасар баланың басын жұлып ала жаздады. Питбуль тұқымды ит бүлдіршіннің бас терісін зақымдаған. Тіпті азулы хайуан баласын арашалаған анасының да қолын оңдырмай тістеп алыпты. Оқиға орнына жеткен полиция ауыр жарақат алған баланы дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір ол анасымен бірге травматология бөлімшесінде жатыр.

Жақсылық Мағзомов, Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігері:

- Баланың жағдайы ауыр болды. Жуылып-шайылып, жарақатын тазартып шоф салып тігілді. Бірінші көмек көрсетілді. Баланың қазіргі жағдайы орташа. Емін алып жатыр. Қасында мамасы бар. Жағдайы орта дәрежеде. Алға қарай бәрі жақсы болады деген үміттеміз.

Ал қабаған ит сол маңдағы өндірістік нысандардың бірінен табылды. Питбульдің қожайыны 35 жастағы қала тұрғыны екен. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал шыр-пыр болған анасы «азулы хайуан баламды жеп қоймағанына» шүкір дейді.

Айгерім Айымғазиева, баланың анасы:

- Келгенде баламды көріп шошып кеттім. Иттің астында жатырғанда балам деген қанмен мен балшықтан беті жабылып, тек көзі жыбырлап жатыр. Ауызы топырақпен толып тұр. Ит бетін тістеп, ырылдап тұр. Қолын жыбырлатқан сайын қолын тістей берген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.