{metadescription}
Кентаудағы жеке меншік балабақшалар жаппай жабылып қалуы мүмкін 
Кентаудағы жеке меншік балабақшалар жаппай жабылып қалуы мүмкін 

Кентаудағы жеке меншік балабақшалар жаппай жабылып қалуы мүмкін 

Түркістан облысында мыңнан астам балабақша қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін. Өйткені Кентаудағы 42 жеке меншік балабақшаға мемлекеттен берілетін субсидия екі айдан бері жоқ. Салдарынан, мың екі жүзден аса тәрбиеші екі айдан бері жалақы алмаған. Ал мектепке дейінгі орталықтар жабылып қалғалы тұр. Жергілікті білім бөлімі жыл басында балабақшалармен 12 айға емес, 9 айға ғана келісім шарт жасасқан екен. Шенеуніктердің осы шикілігінен енді жұмысшылар ақшасыз отыр.

Кентау қаласындағы жүзге жуық балабақшаның 42-сі жеке меншік. Яғни, мекемеге келетін бүлдіршіндердің ата-анасынан 50 пайызын алса, қалған 50 пайыз төлемін мемлекет төлеуі тиіс. Бірақ, Кентауда сол субсидия қыркүйектен бері жоқ. Салдарынан, тәрбиешісі, бала күтуші мен еден жуушысы бар мың екі жүзден астам қызметкер екі ай жалақысыз қалған. Бүгін олар маңдай тер ақыларын сұрап Кентаудағы білім бөлімінің алдына жиналды.  

Ғалия Тұрысбекова, балабақша жұмысшысы:

- Жолдасы қайтыс болып кеткендер бар, оның арасында көпбалалы аналар бар, бір отбасында бір-ақ адам жұмыс жасап отқан аналар бар. Қазір ол ақшаны да біз алып отқан жоқпыз. Енді бұлай жалғаса берсе білмеймін. Біз қалай бала-шағамызды бағамыз, Қалай азық-түлік аламыз, қалай біз пәтер ақшасын төлейміз. Несие болса да бар.  

Салтанат Пірімбетова, балабақша жұмысшысы:

- Кеше қазан айында несиемізді қарызға алып төледік. Осы айда болып қалса құтыламыз деп . Енді мына айымызды тағы бермесе білмеймін онда қалай күн көретінімізді. Қалай не істейтінімізді.

Жыл басында білім бөлімі балабақшаларға келісім-шартты 12 айға емес, тек 9 айға ғана түзіпті. Ал мұның соңы былыққа апаратыны айдан анық болған соң әкімдіктегілерге ескерттік дейді балабақша құрылтайшылары. Ал, Кентау облыста ғана емес, жалпы республика бойынша субсидия ең аз бөлінетін аймақ екен. Субсидияны көтеруді сұрап жүргенде шенеуніктердің қаржы бөлуді дұрыс жоспарламауы салдарынан енді жабылып тынамыз дейді.

Ділбар Хабибова, Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының Түркістан облысы бойынша филиал директоры:

- Жабылып қаламыз әрине. Қазір 42 балабақшаның бәрі жабылады егер осы келесі айда да осы жағдай болатын болса. Кентау қаласындағы жеке меншік балабақшаның бәрі жұмысын тоқтатады. Мың адам жұмыссыз қалады. Ол мың адамның артында әрқайсысында 3-4-тен отбасында адамдар аш қалайын деп тұр.

Ал, жергілікті шенеуніктер 9 айлық келісім-шартты өздігімізден емес, облыстың пәрменімен жасадық дейді. Яғни, әу бастағы жоспар бойынша кентаулық бүкіл балабақша биыл қыркүйек айында Түркістан облысының есебіне өтуі керек болған. Бірақ, ол меже кенеттен өзгеріп кетіп, қаржы жетпей қалыпты. Жағдай күрт шиеленіскен соң қазынаның түбін қағып  бір реттік жалақыға 78 миллион таптық дейді шенеуніктер.

Бекайдар Әлімбетов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары:

- Біз кешегі қазанда өзіміз қалалық бюджеттен ақша тауып бердік. Осы айда береміз. Келесі апта аударып береміз болды.

Жыл соңына дейінгі 42 балабақшаға берілуі керек сома 350 миллион теңге. Мұндай ақшаның жоқтығын айтқан кентаулық атқамінерлер облыс пен елордадағы ведомстваларға қол жайыпты. Олар көмек беретін болды дейді. Қазір, бұл іс облыстық прокуратура назарына ілінді. Енді құзырлы орындар кемшілікті кім жібергенін анықтап, жазықтыларды жазалауға күш салмақ. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.