{metadescription}
Оралда нан бағасы 15 теңгеге қымбаттады
Оралда нан бағасы 15 теңгеге қымбаттады

Оралда нан бағасы 15 теңгеге қымбаттады

Оралда ас атасының құны бір күнде 15 теңгеге шарықтады. Сөйтіп, дүкен сөрелерінде жоғары сұрыпты ұннан пісірілген нанның бір бөлкесі 140 теңгеден сатылуда. Бұл қымбатшылық онсыз да зейнетақысы мардымсыз қарттардың қалтасына қосымша салмақ салуда.

Назгүл Жабасова, зейнеткер:

- Жұмыссыздық, ауру-сырқау көбейіп жатқанда бұл қиын жағдай. Әсіресе зейнеткерлер мен көп балалы аналарға. Дей тұрғанмен, күн көріп жатырмыз. Тым құрығанда әлеуметтік нанның арзандағаны жақсы. 

«Нан бағасы қымбаттайды» деп саудагерлер тұрғындарға күні бұрын ескерткен екен. Айтса айтқандай-ақ. Аймақтағы ең ірі наубайханада ас атасының құны 10-15 теңгеге бір-ақ өскен. Нан пісірушілер оны ұн мен қант және сұйық майдың қымбаттығымен түсіндіреді. Ал өңірде әлеуметтік нан жоқтың қасы. Тек кейбір дүкендерде ғана сатылады. Бағасы 80 теңге. Нанның бұл түрінің көптеп пісірілмеуіне тұрақтандыру қорынан ұнның аз көлемде бөлінуі себеп. 

Антон Маркушкин, нан зауытының басқарушы директоры:

- Тұтынушылардың алдында бізге де ақталу оңай емес. Бұл қадамға мәжбүрлі түрде бардық. Біз де тәуелдіміз. Бидай мен ұнды сатып аламыз. Ал олардың бағасы шарықтап тұр. Қымбатшылықтан қашып құтыла алмаймыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.