{metadescription}
Екі партия сайлауға сақадай сай 
Екі партия сайлауға сақадай сай 

Екі партия сайлауға сақадай сай 

Жемқорларды ауыздықтаудың амалын ұсынған Ақ Жол партиясы әлі Орталық сайлау комиссиясының тіркеуінен өтпепті. Ал жуырда ғана коммунистік атауын аластаған Халықтық партиясы мен Адал сайлау комиссииясына тіркеліп үлгерген.

Естеріңізге сала кетейік, Adal партиясы бұрынғы «Бірлік». Партия ретінде құрылған күннен бастап Парламенттегі орынға таласып келеді. Әзірге нәтиже жоқ. Ал Қазақстанның халықтық партиясы «коммунизм» сөзін сызып тастап, саяси додаға түскелі отыр. Бұл екі саяси бірлестіктің 17 филиалы да қайта тіркеуден өтіп үлерді. Қазіргі уақытта 6 партия сайлауалды науқанына сақадай-сай. Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, қаңтарда өтетін саяси доданы ТМД Парламентаралық ассамблеясы бақылауында ұстайды. Ол үшін 29 адам аккредитациядан өткен. Бақылаушылардың сапы мұнымен шектелмек емес. Орталық сайлау комиссиясы басқа да халықаралық ұйымдардың атсалысатынына сенімді. 

Анастасия Щегорцова, ҚР ОСК мүшесі:

- Сыртқы істер министрлігі сайлауға байланысты 11 халықаралық ұйымға шақыру хат жіберді. Олардың арасында ОБСЕ-нің парламенттік ассамблеясы, ТМД-ның атқарушы комитеті, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бар. Бұлардың барлығымен әріптестік қарым-қатынастамыз. Оның үстіне, Орталық сайлау комиссиясы тағы 25 елдің сайлау органдарына шақыру жіберді. Жауаптарын күтіп отырмыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.