{metadescription}
Жемқор шенеуніктер шетелге шыға алмауы мүмкін
Жемқор шенеуніктер шетелге шыға алмауы мүмкін

Жемқор шенеуніктер шетелге шыға алмауы мүмкін

Жемқор шенеуніктерді жазасын өтеп шыққаннан кейін де елден шығармау керек. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осындай тың ұсыныс жасап отыр. Сол арқылы олардың шетелде жасырған ақшаларын елге инвестиция ретінде тартуға болады дейді ол.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

- Бұл шектеуден соң олар шетелде жасырған ақшасына қарай кетіп қалуға жол бермей, керісінше сол ақшасын Қазақстанға әкелуге мәжбүр етеді. Олар шетелге қашқанша, сөйтіп өз еліне инвестиция құйып, өмір сапасын жақсартсын.

Оған қоса, жемқор шенеуніктерге республикалық маңызы бар қалаларға тұруға тыйым салу керек дейді. Мәжілісменнің айтуынша, оларды шағын қалаларға, ауылдарға жіберу керек. Бұл өңірлердің дамуына инвестиция болады деген пікірде. Осылайша депутат ел азаматтарының Ата заңда жазылған құқығын шектегісі келеді. Айта кетейік, әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар екені Конституцияның 21-ші бабында жазылған. Азат Перуашевтің жемқор шенеуніктерге қатысты қатаң ұсыныстар енгізіп келе жатқаны бір бұл ғана емес. Оларды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу керектігін де Мәжілісте көтерген. Тіпті президент Қасым-Жомарт Тоқаев та осы жөнінде тапсырма берді. Бірақ Үкімет пен Бас прокуратура оны әлі күнге қолдамай отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.