{metadescription}
Тұрғындардың талабынан кейін шошқа фермасы уақытша жабылды 
Тұрғындардың талабынан кейін шошқа фермасы уақытша жабылды 

Тұрғындардың талабынан кейін шошқа фермасы уақытша жабылды 

Ақтөбе облысындағы шу шыққан шошқа фермасының жұмысы уақытша тоқтатылды. Енді тексеру аяқталғанша талпақ танауды сойып, сыртқа сатуға болмайды.

Бестамақ ауылындағы бұл ферма жыл басынан бері 77 мың бас шошқаны шетелге өткізген. Тұрғындар наразылығынан соң қасапхананың есегіне құлып салыныпты. Ал тексеруге кіріскен комиссия далалыққа қанша шошқа өлексесін көміп, қаншама қалдықтың суға ағызылғанын анықтауы керек. «Қоршаған ортаға келтірген шығынды анықтаған соң ғана қандай шара қолданатынымыз белгілі болады,» дейді биліктегілер. Айта кетелік, Алға ауданындағы Бестамақ ауылынан бөлек маңайындағы бірнеше елді-мекен тұрғындары шошқа фермасының жабылуын талап етіп отыр. Наразылықтарын демалыс күндері де жалғастырмақшы. Оған облыс әкімі Оңдасын Оразалинді шақырған. Ал шошқа фермасының қожайындары елде жоқ. Арменияда жүрген кәсіпкер Ақтөбеге бірер күнде жететінін ғана айтыпты.      

Аманғали Бердалин, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

Хабарластық басшыларымене. Ол өзінің іссапармен Арменияға барған. Енді қазір бір-екі күнде ұшып келу керек. Біз оны жеткіздік осындай мәселеге байланысты келуіңіз керек деп. Біз комплексті мал сою процессін бәрін тоқтаттық.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде