{metadescription}
Коронавирусқа қарсы қоғамдық иммунитет қалыптасып келеді
Коронавирусқа қарсы қоғамдық иммунитет қалыптасып келеді

Коронавирусқа қарсы қоғамдық иммунитет қалыптасып келеді

Елорда тұрғындары үшін коронавирустың екінші толқыны соншалықты жойқын болмайды. Мұны мамандар Нұр-Сұлтанда қалыптасқан қоғамдық иммунитеттің қауқары мықты деп түсіндірді.

Ал маусым-шілде айында тұрғындардың азғантай бөлігі ғана covid-19-бен ауырған өңірлерді қыста қайта құтыратын дерт жағадан алуы әбден мүмкін.

Татьяна Цечоева, Нұр-Сұлтан қалалық инфекциялық орталығының басшысы:

- Вирустың алғашқы толқында тұрғындардың басым көпшілігін қамтуына байланысты, қалада қоғамдық иммунитет қалыптасты. Бірақ бұл науқастар мүлдем тіркелмейді деген сөз емес. Вирус жұғуын тоқтатпайды, бірақ ел астанасы үшін алғашқы толқынға қарағанда қысқы мерзім жеңіл өтетініне сенімдіміз.

Қоғамдық иммунитеттің қалыптасқанына қарамастан, мамандар санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Ыстығы көтеріліп, қабылдаған дәрісі дәрменсіз болса, ондай науқастар оқшауланып, дереу дәрігер шақыруы тиіс. Міне, осы қарапайым ережені сақтаған жағдайда ғана қыс айларындағы ковид-тің соққысын айтарлықтай жұмсартамыз деп отыр мамандар. Ал тұрғындардың басым көпшілігі, нақтысы 70-75 пайызы COVID-19-дың симптомсыз әрі жеңіл түрімен ауыратындықтан, қоғамдық орындарда бетперде тағу, қолғап кию, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып қана сақтануға болады. Оған қоса, дәрігерлер коронавирустың емін жеделдету үшін, вирустың алғашқы белгілері пайда болған азаматтарға арнайы кеңес те берді.

Ләззат Ералиева, Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары:  

- Егер науқас өзін жайсыз сезінсе, қағаз бен қалам алып ағзасындағы барлық өзгерісті ұқыппен тізіп жазуы тиіс. Тыныс алудың, жүрек қағысының жиілігі, дене қызуының қаншаға көтерілгенін түртіп қойса, дәрігерге емшараларын тағайындауға айтарлықтай көмегін тигізері сөзсіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде