{metadescription}
Ауру асқынған облыста карантин күшейтілметін болды
Ауру асқынған облыста карантин күшейтілметін болды

Ауру асқынған облыста карантин күшейтілметін болды

Індет ошағына айналған сол Шығыс Қазақстан облысы қарашаның соңында қызыл аймақтан шығуы мүмкін. Сондықтан, қосымша қатаң карантиндік шараларды қабылдауға негіз жоқ деп отыр өңір басшысы Даниал Ахметов.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Біз шектеу мәселелерін іске салдық. Жаңа құрал жабдықтарды алдық. Дәрі-дәрмек бар. Күні- түні дәрігерлер мен әкімшілік қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Мен сенемін нәтиже дұрыс болады.

Шығыс жұрты бірнеше аптадан бері қатаң карантиннен көз ашпай келеді.  Облысқа кіріп шығатын тас жолдарға блок- бекеттер қойылған. Соған қарамастан өңірде індеттің ілмегіне іліккендер әлі азаяр емес. Әсіресе, Өскемен шаһары мен Алтай және Глубокое аудандарында науқастардың саны артқан. Сондықтан бұл өңірлерде карантин талаптарын күшейтуге тура келді. Сонымен қатар, аймақтағы мектептердің басым бөлігі балаларды қашықтықтан оқытуда.  Облыс әкімінің айтуынша, қызыл аймақтан шығуға осы шектеулер де жеткілікті екен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.