{metadescription}
Covid-19: Дерт дендеп барады
Covid-19: Дерт дендеп барады

Covid-19: Дерт дендеп барады

Ел бойынша да қауіпті індет меңдегендердің қатары әлі де көбейіп жатыр. Соңғы тәулікте 949 жерлесіміз вирус жұқтырған. Оның ішінде 791 адамнан covid-19, ал 158 отандасымыздан коронавирустық пневмония анықталды. 

Өкінішке қарай, өткен тәулікте 7 науқас қайтыс болды. Алты адам коронавирустан жан тапсырса, 1 сырқаттың қос өкпесі қабынып көз жұмған. Осылайша пандемия басталғалы елімізде 2 мыңға жуық адам коронавирустың, ал 424 науқас пневомнияның кесірінен қаза тапты. Қазір аймақтардағы ахуал ушығып барады. Соңғы тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 242, Алматы қаласында 91 тұрғын қауіпті кеселдің құрығына іліккен. Сондай-ақ, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай мәз емес. Тек өткен тәулікте Маңғыстау және Қызылорда облысында бірде бір науқас тіркелмеді. Айта кетейік, коронавирус жұқтырған жерлестеріміздің саны 124 мыңға жетіп қалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.