{metadescription}
Ақтөбелік Тертерян: Шошқаны жаппай қыру – қауіпті
Ақтөбелік Тертерян: Шошқаны жаппай қыру – қауіпті

Ақтөбелік Тертерян: Шошқаны жаппай қыру – қауіпті

Ақтөбе облысындағы шошқа фермасының қожайыны қожалығында санитарлық талаптың сақталмағанына сенбей отыр. Екі ай бұрын Арменияға сапарлап кеткен кәсіпкер Гайк Тертерян сол жақтағы тілшілерден сәлемдеме жолдаған.

Ол әуе қатынасының жоқтығынан елге орала алмай отырғанын айтады. Бірақ тұрғындардың наразылығына ұшыраған фермасы заманауи техникамен жабдықталған деп ақталады. Сонымен қатар жылына миллиондаған салықты «Алға ауданының бюджетіне құйып отырмын» дейді. Бірақ тұрғындар талабын орындау үшін Бестамақтағы шошқа фермасын жабу туралы үкімет шешім шығарса, сол күні талпақ танауды жоқ қыламын деп отыр.

Ақөбе облысындағы қожалыққа қатысты наразылық бірнеше күнге жалғасқан. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бизнесменге кеше екі талап қойғанын жеткізді. Біріншісі – ферманы толық жабу, екіншісі – шошқа орнына басқа мал өсіру. Дегенмен Гайк Тертерян шошқасын жаппай қырып салу қауіпті дейді.

Гайк Тертерян, «Парижская коммуна» ЖШС құрылтайшысы:

- Үкімет ферманы қазір жап десе, жауып тастаймын. Бірақ ол тез шешілетін шаруа емес. Уақыт керек. Екі жыл әлі несие төлеуіміз қажет. Су мен жем бермей, бүгін-ертең қырып таста десе, артынша індет тарауы мүмкін. Ол да қауіпті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.