{metadescription}
«Тұрғысын СЭС-1» құрылысшылары жарты жыл жалақысыз жүр – ШҚО
«Тұрғысын СЭС-1» құрылысшылары жарты жыл жалақысыз жүр – ШҚО

«Тұрғысын СЭС-1» құрылысшылары жарты жыл жалақысыз жүр – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында су электр станциясын салып жатқан жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр. «Тұрғысын СЭС-1» су қоймасының құрылысшылары жарты жылдан бері соқыр тиын алмапты – мердігер мекеме 161 жұмысшыға 31 миллион теңге берешек. Дауға еңбек инспекциясы араласты.

Ал су электр станциясын салуға тапсырыс берушілер құрылыс компаниясын сотқа бермек. Өйткені мердігерге қажетті қаржы толық аударылған, бірақ олар ақшаны қайда жұмсағанын түсіндіре алмаған.

Алты айдан бері маңдай тер, табан ақысын ала алмаған жұмысшылар ұлардай шулап жүр. Өйткені ыстық-суыққа қарамай тер төккендерге құрылыс компаниясы жарты жылдан бері көк тиын бермеген. «Соның салдарынан қарызға белшемізден батып, несиеміздің пайызы күн санап артуда», - дейді жиналғандар.

Татьяна Васильева, жұмысшы:

- Ақша жоқ. Алған несиемізді төлеуіміз керек. Банк жағдайымызға қарамайды. Қарызға белшемізден баттық. Еңбекақымызды берсін.

Жалақысын даулаған жұрт еңбек инспекциясына да шағымданған. Олар жұмыс беруші мердігерді әкімшілік жауапқа тартып айыппұл салыпты. Ал айлықтың кешігуіне қаржылық қиындық кесірін тигізген. «Соған қарамастан құрылысшылардың ақшасын қалайда өндіріп береміз», - дейді еңбек инспекциясының мамандары.

Ерасыл Мұхтаров, Алтай аудандық еңбек инспекциясының инспекторы:

- 161 адамның алдында берешекті анықтадық. Жалпы қарыз 31 млн теңгедей болады. Қазір еңбек инспекциясының тексеріс қағаздары сот орындаушыларға жіберілді.

«Тұрғысын су» қоймасының құрылысы 95 пайызға біткен. Әйтсе де жұмысшыларын зар илеткен мердігерге тапсырыс берушілердің де көңілі толмай отыр. Өйткені құрылыс компаниясына қажетті қаражат дер кезінде аударылған. Ал басшылық бөлінген қаржының қайда жұмсалғанын түсіндіріп бере алмапты.

Қалау Баймұханбетов, тапсырыс беруші:

- Штат кестесінде экономист жоқ. Сметашы қашықтан жұмыс істейді. Қаржы директоры бар, бірақ жұмыс істемейді. Бұл жұмыс орнында оны ешкім көрген емес. Сонда қалай жұмыс істейді? Тапсырыс берушіден келген ақша жөнді жіберілмейді.

Енді тапсырыс берушілер қолда бар қаржыны тиімді жұмсай алмаған құрылыс компаниясын сотқа береді. 161 адамның ақшасын да осы айдың соңына дейін төлеп беруге уәде етті. Алайда алты ай бойы ақша көрмеген жұмысшылар алты күнде мәселенің шешілетініне күмәнді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.