{metadescription}
Алматыда үйі өртенген қария балконнан құлап өлді
Алматыда үйі өртенген қария балконнан құлап өлді

Алматыда үйі өртенген қария балконнан құлап өлді

Алматыда көпқабатты үйден алапат өрт шығып, 83 жастағы қария көз жұмды. Жалын үшінші қабаттағы пәтерден шыққан. Сол кезде қария балконнан құлап кетіпті.

Төтенше жағдай таңғы сағат төрт шамасында болды. Қарияның пәтерінен шыққан от жоғарыдағы балкон мен шатырдың бір бөлігіне ұласқан. Сөйтіп жалпы аумағы 60 шаршы метр жер күлге айналды. Шырт ұйқыда жатқан 10 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның үшеуі – кішкентай бала. Ал ажалы өрттен келген қария мұнда жалғыз тұрыпты. Ол бастапқыда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Бірақ жарақаты тым ауыр болған соң, дәрігерлер аман алып қала алмапты. Жалынмен 30 төтенше жағдай қызметкері және 10 техника арпалысты. Олардың жұмысына тұрғын үй ауласының көлікке лық толы болуы кедергі келтірген.

Вадим Кравцов, Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары:

Арнайы техниканың жұмысына аулада автокөліктің көп болуы кедергі келтірді. Тұрғындарға көлік өтетін жолдарды жабуға, сондай-ақ гидрант үстіне машинаны қоюға болмайтынын ескертеміз. Бұл адам өмірін сақтап қалуға кедергі болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.