Өзіне қол салмақ болған ғашық жігіт құтқарылды – Алматы
Махаббаты үшін өлімге бас тікті. Алматыда өзіне қол салмақ болған жігітті полицейлер құтқарып қалды. Дүкендер желісінің үстінен секіріп өлуге бекінген 21 жасар азамат бұл әрекетке жауапсыз махаббатына бола барған.
Автор: Салтанат Шырынхан
03.12.2020
Суицидке оқталған жігітті құтқаруға патрульдік полицейлер кірісті. Олар қайғылы оқиғаға жол бермес үшін айла-тәсіл қолданған. Төртеуі екі жаққа бөлініп, жоғарыға көтеріледі. Алдымен назарын өзіне аудармақ болған олар райынан қайтаруға біраз тырысыпты. Бірақ ішін ғашық сезім өртеген азамат ары қарай да секіруге әрекеттенеді. Сол арада қарсы беттегі тәртіп сақшысы ұстап үлгереді.
Ерасыл Нұрлыбеков, Жетісу аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:
- Азаматты ешбір дене жарақатынсыз төменге түсіріп, не себеппен бұндай әрекетке барғанын сұрадық. Жігіт қызға ғашық болғанын және де ол қарамай қойғандықтан осындай әрекетке барған. Жетісу аудандық полиция басқармасының жедел тергеу тобын шақырып, полиция басқармасына жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!