{metadescription}
Қара жұмысқа жегілген 14 жасар бала қолынан айырылды – Түркістан облысы
Қара жұмысқа жегілген 14 жасар бала қолынан айырылды – Түркістан облысы

Қара жұмысқа жегілген 14 жасар бала қолынан айырылды – Түркістан облысы

Түркістан облысында қара жұмысқа жегілген оқушы қолынан айырылды. Оқыс оқиға Ордабасы ауданындағы кірпіш зауытында болған. 14 жастағы жеткіншек қатарластарымен көрші ауылдағы зауытта жалданып жұмыс істеген екен. Сол жерде кесек үгітетін станоктың арасында қолы қыстырылып, білегінен төмен түгел жұлып кетіпті. Бұғанасы қатпай ауыр еңбекке жегіліп, енді мүгедек болып қалған баланың жайын айтсын.

Алтыным менің, жазыласың, сәл шыдасаң, жазыласың.

Ерасылдың анасы екі айдан бері ұлының жанынан шықпайды. 9-сыныптағы тұңғышы қолынан айырылғалы төсек тартып жатыр. Жеткіншектің айтуынша, қазан айының басында достары келіп, көрші Бадам ауылындағы кірпіш зауытына жұмыс істеуге шақырыпты. «Сөйтіп күніне 3-4 мың табамыз» - деп жүргенде оқыс жағдайға тап болған. 

Ерасыл Жұмабек:

Кетіп бара жатқаным сол еді, кірді де, қолымды айналдырып жатыр, айналдырып жатыр. Сол кезде мына жағымды үзіп тастайды деп ойладым. Тартып қалып едім, саусақтарым бәрі жоқ боп кетті. Ішіндегі еті ағып кеткен. 

Жалданып жұмысқа кеткенін Ерасыл әке-шешесіне айтпаған. Сенбі, жексенбі күні таңертең «достарыма кеттім» деп, Гүлмира есімді ауылдағы зауыт пен оқушылар арасындағы делдал әйелге барған. Жалпы, Шұбарсу ауылы оқушыларының өндіріс орындарында жалдануы қалыпты жағдай көрінеді.

Әділет Төребеков, 8 сынып оқушысы:

- Тек бір аспаз ғана бар. Қалғанының бәрі оқушы. Бадамның да осы Шұбарсудан да көп оқушы.

Шамамен саны қанша?

- Өте көп.

- Қанша ақша төлейміз дейді?

- Төр мың.

- Күніне?

- Иә.

- Қанша сағат жұмыс істейсіңдер?

- Тоғыз сағат.

Ерасылды қолынан айырған кірпіш зауытын іздеп, Шұбарсу ауылынан 30 шақырым жердегі Бадамға біз де бардық. Басшылары жоқ. Қарауыл ғана жүр. Ақсақал жұмысшы ретінде ересектен өзге балалардың да болатынын жасырмады.

Негізінен күн жылыда жұмыс істейтін кірпіш зауыты қазір тоқтап тұр. Маусымы емес. Әйтпесе мұнда жұмыс күші ретінде алыс-жақын ауылдардан оқушылар тартылады екен. Солардың бірі Ерасыл оқыс оқиға болатын күні жұмыс істеп тұрған. Топырақ тастап тұрған жеткіншек байқаусызда қара лентаның үстіне құлайды. Сөйтіп оның қолы топырақты үгітіп жатқан станок арасында қалып кеткен.

«Сервисцентр-2007» зауытының басшылығы Ерасылдың анасына хабарласып: «500 мың теңге ал да, арызды доғар, деген екен. «Әйтпесе полиция мен сотты да сатып алам» деп доқ көрсетіпті. Ал екі ай бұрын жазылған арыздан нәтиже шығара алмаған жеткіншектің ата-анасы енді күмәнданып отыр.

Тұрсынай Әбутәліпова, Ерасылдың анасы:

- Мен еңбек инспекторына қапа болам. Маған хабарласып: «Балаңызды айлыққа істеді деп жазайық», - дейді. 14 жасар бала қалай істейді бұл айлыққа? Сөйтіп айтты. Нұрлан деген, фамилиясын білмеймін. Бірақ маған баланы айлыққа істейді деп айтсаңызшы, зейнетке жақсы шығады, көп сомада шығады деді.

Бірақ еңбек инспециясы Ерасылдың анасының сөзі «жала» деп отыр. Зауыт басшылығына екі рет ескерту беріп, тіпті 180 мың теңге айыппұл салған көрінеді. Полицейлер де қылмыстық іс қозғадық дейді. Ал мүгедек боп қалған ұлдың отбасы кінәлі тарап: «Ең болмаса сапалы протез қойып, ем-домына қаржы берсе екен» деп тілейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде