Балконға енді ту ілуге болады
Туды енді балконға ілуге болады. Үкімет жаңа қаулы шығарып, осыған дейінгі тыйымның күшін жойды. Қазан айында ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тудың қолданыс аясын кеңейту керектігін айтқан.
Автор: Ербол Тұрымбет
03.12.2020
Мемлекеттік ту, Елтаңба және оның бейнесін, сондай-ақ Әнұран мәтінін пайдалану ережелері туралы Үкімет қаулысы 2007 жылы шыққан. Содан бері қуанышы қойнына симаған бірнеше азамат мемлекеттік рәміздерді қалауынша қолданамын деп айыппұл арқалаған. Енді қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Үкімет басшысы қол қойды. Жаңа қаулыға сай, жеке және заңды тұлғалар патриоттық сезімін білдіру үшін туды ғимаратта, пәтер балконына және мерекелік іс-шара өткізілетін жерлерде ілуіне болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!