{metadescription}
Қордай оқиғасына қатысқан 51 адам сотта жауап беріп жатыр
Қордай оқиғасына қатысқан 51 адам сотта жауап беріп жатыр

Қордай оқиғасына қатысқан 51 адам сотта жауап беріп жатыр

Қордайдағы қақтығысқа қатысқандар сот алдында жауап бере бастады. Бүгін Тараздағы тергеу изоляторында сот алды тыңдалым өтті. Оған тараптардың бәрі тегіс қатысады деп күтілген. Алайда жеме-жемге келгенде кейбір айыпталушылардың туыстары ішке кіргізілмеді.

Нұрболат Тергеуісов, айыпталушының туысы:

Бізге төлқұжатты нотариуспен растаңдар деді. Еттік. Сосын коронавирусқа ал деді. Қан алады екен. Одан кейін тілден алды. Куәлік деді. Алдырдық. Екі адамға алып келдік, «кірмейсіздер», - деді. «Ешкім кірмейді», - деді.

Сот отырсы өтетін тергеу қапасын күш құрылымдары қоршап, жолды қос қапталдан бөгеп тастаған. Қауіпсіздік шаралары осылай мейлінше күшейтілгенімен, отырыс ашық өтті. Оған қатысушылардың ПТР-анықтамасы болуы шарт. Сондықтан бәрі мұқият тексерілді. Ал ақпарат құралдары сот отырысын онлайн бақылауға мәжбүр болды.

Қордай оқиғасына қатысқан 51 адам жауап беріп жатыр. Оларға айыптау актісін оқудың өзі бірнеше сағатқа созылды. Көбі кінәсін мойындамады. Он адамға кісі өлтіру сынды ауыр айып тағылса, қалғандары жаппай тәртіпсіздік, қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, сақтау, қорқытып алу, қарақшылық баппен жауапқа тартылады.

Ақпан айында Қордайдағы бірнеше ауылда жаппай  тәртіпсіздік болып, 11 адам қаза тапқан еді. Сол төбелестің бел ортасында болған бес адамға  Алматыда қыркүйекте үкім оқылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.