{metadescription}
Тегін кілем: Шымкентті дүрліктірген кәсіпкерге қылмыстық іс қозғалды
Тегін кілем: Шымкентті дүрліктірген кәсіпкерге қылмыстық іс қозғалды

Тегін кілем: Шымкентті дүрліктірген кәсіпкерге қылмыстық іс қозғалды

«Тегін кілем таратамыз» деп тұтас Шымкентті дүрліктірген кәсіпкерге қатысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Дүкен басшысы 500 кілем таратамын деп жарнама жасағанымен, іс жүзінде берерге бірде-бір кілемі болмауы мүмкін деген күдікке ілініп отыр.

Қарағандыдан келіп, Шымкентте кілем сататын дүкен ашқан кәсіпкер үш күн бойы келушілердің барлығына «тегін кілем таратамын» деп әлеуметтік желі арқылы жар салған. Осыдан кейін тегін дүниеге асыққандар Шымкенттен ғана емес, Түркістан облысының түкпір-түкпірінен ағылған. Келушілердің көптігін көрген дүкен ашылмақ түгілі, сатушылар полиция шақырып, басын әрең арашалап қалды. Ал мыңға тарта адам уәде етілген кілемді алмайынша, кетпейміз деп шатақ шығарды. Санитарлық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелген кәсіпкер енді қылмыстық іс бойынша да жауап беретін болды.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.