{metadescription}
Мәжіліс төрағасы министр Жамаубаевтың жұмысына көңілі толмады
Мәжіліс төрағасы министр Жамаубаевтың жұмысына көңілі толмады

Мәжіліс төрағасы министр Жамаубаевтың жұмысына көңілі толмады

Президенттің тапсырмасына атүсті қараған. Мәжіліс төрағасы қаржы министрі Жамаубаевқа осылай деп ұрсып тастады. Әңгіме мемлекеттік сатып алу заңына енгізілген өзгерістерді талқылау кезінде туындады.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

- Сіздер ұсынып отырған норма бойынша қазір алдымен аукционі жүргізіледі. Яғни аукционға қатысқан қатысушылардың есімі жасырын болады. Сосын аукцион өткеннен кейін ең төменгі баға берілген конверт қана ашылады. Егер де ол қатысушы толығымен сатып алу заңнамасына сәйкес келсе,  квалификациялық талаптарға сәйкес болса, сол қатысушымен тікелей келісімшарт жасалады.

Талқыланған заң жобасына бірқатар өзгеріс енгізуді депутаттар ұсынған еді. Ол енді мемлекеттік тапсырысты орындауда жылда жұмыссыз қалмайтын «сүйікті» кәсіпорындардың тізімімен күрес басталмақ. Мысалы, 2018 жылғы мемлекеттік сатып алудың көлемі 4 триллион 400 миллиард болса, соның бақандай 75 пайызы немесе 3 триллион 300 миллиард теңгесі еш конкурссыз жүзеге асырылған. Бұл дегеніміз, бюджеттің қаржысын белгілі бір компаниялар ғана еш бәсекесіз игере берген. Енді бұл заң жобасы бекітілетін болса, бір кәсіпорынмен еш негізсіз жұмыс істегіш мемлекеттік органдардың бірінші басшылары әкімшілік жазаға тартылады, яғни 280 мың теңгедей айыппұл төлейді. Осы деректерді келтіре кеткен Мәжіліс төрағасы министр Жамаубаевтың жұмысына көңілі толмай, жекіп тастады.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

- Бар болғаны депутаттардың жазып бергенін қайталап тұрсыз. Бұны қалай түсінуге болады? Депутаттар орынды сын айтып, сұрақ қойып отыр. Қаржы және экономика министрліктері бюджетті жылда жоспарлауда сол баяғы кемшіліктен көз ашар емес. Әлде өздеріңіз бен қол астыңыздағы қызметкерлердің мемлекеттік сатып алудан дәмелеріңіз бар ма? Конкурстық құжаттаманы жоспарлау жұмысын реттеу керек. Бұл президенттің тапсырмасы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.