{metadescription}
Covid-19: Үйде емделгендердің денсаулығы нашарлаған    
Covid-19: Үйде емделгендердің денсаулығы нашарлаған    

Covid-19: Үйде емделгендердің денсаулығы нашарлаған    

Нұр-Сұлтанда дәрігер көмегінсіз, коронавирустан үйінде емделетіндер көбейген. Осындай салғырттықтың салдарынан тұрғындардың арасында ауыр халде аурухана керуетіне таңылғандар бар. Ең өкініштісі, науқастар өкпені жасанды желдету құрылғыларына тәуелді болған.  

Әйгерім Ардаққызы, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Қазір қала тұрғындары арасында вирусқа қарсы препараттарды дәрігерден кеңес алмай, өз бетінше қабылдап, қауіпті індеттен үйде емделу жағдайлары көбейіп жатыр. Өз-өзін емдеудің салдары науқастардың ауыр жағдайда инфекциялық стационарларға түсуіне әкеп соқтырады. Қазір мұндай науқастар саны – 11.

Елорданың емханаларында бұрынғысынша сүзгі-кабинеттер жұмыс істейді. Дәрігерлер қауіпті індеттің алғашқы немесе соған ұқсас симптомдары байқалған кезде емдеу кабинеттеріне келу керек деп отыр. Мәселен, соңғы екі айда 15 мың адам тексерілген. Коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест арқылы Covid-19-ды 300-ден астам тұрғынның жұқтырғаны белгілі болыпты. 100 шақты елордалық ауруханаға жатқызылған. Халықтың не себепті үйде өз бетінше емдеумен айналысатыны туралы шенеуніктер жақ ашпайды.

Дегенмен осы жазда кеселдің күшеюінен емдеу орындарында орын болмағаны, дәрі тапшылығы бұқараның әлі есінде. Бұған қатысты Нұр-Сұлтан әкімдігі қазір емханаларда вирустарға қарсы қызмет көрсететін мобильді бригадалар бар, олар үй жағдайында емдеуге әзір деп сендіріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде