{metadescription}
60-қа жуық құрылысшы төрт ай бойы жалақысыз жүр – СҚО
60-қа жуық құрылысшы төрт ай бойы жалақысыз жүр – СҚО

60-қа жуық құрылысшы төрт ай бойы жалақысыз жүр – СҚО

Солтүстік Қазақстан облысында түрменің қоршауын жасаған жұмысшылар жалақысын даулап жүр. Ұзындығы бір шақырымнан асатын, биіктігі 10 метрге жуық дуалды тұрғызғандар төрт айдан бері көк тиын алмапты. Себебі, тапсырыс берушілер жұмыс аяқталуға жақын қалғанда тиісті ақшаны аударудан айнып қалған.

60-қа жуық құрылысшы 48 миллион теңгені қалай өндіріп аламыз деп басы қатып жүр. Жалақысын даулаған жұмысшылардың жанайқайын тілшіміз тыңдап келді.

ЕЦ 164/8 еңбекпен түзеу мекемесі қазір қаңырап бос тұр. Мұндағы жазасын өтеушілерді басқа түрмелерге ауыстырғалы бір жылдан асыпты. Бұл қылмыстық атқару жүйесіндегі жаңғырту жұмысын жүргізуге жасалып жатқан қадам екен. Бірақ түрменің бетон қоршауы аяқталмай жатып шу шыққан. Бұл түрмені стандартқа сай ету ұшін қазынадан 1 миллиард 70 миллион теңге бөлініпті. Құрылыс әлі толық бітпеген. Десе де стратегиялық нысанның айналасы алты метрлік бетон дуалмен қоршалған. Енді оның үстіне төрт метрлік темір торды дәнекерлеп жатыр. Алайда осындай ауыр жұмыс істеп жатқан жұмысшылар  төрт айдан бері айлық алмадық дейді.

Мереке Қалжанов, құрылысшы:

- О баста жұмысқа шақырған кезде мен мемлекеттік ұйым деген соң сеніп,  мемлекет алдамайды ғой, қарапайым халықтың еңбегіне төлейді деп келгенмін. Былай тартсаң былай жетпей жатқан заманда онсыз да ақшамызды жеткізе алмай жүргенде бұлар айлығымызды бермей, қинап қойды.

Жәнібек Мәжитов, жеке кәсіпкер:

- Міне, мынаншама жігіт маған қарап тұр. Осыншама халық. Әрқайсысының бала-шағасы бар. Келісімді Great Abiliti group деген жіберген. Ол кісіні танымаймыз, білмейміз, көрген емеспіз. Келісімшартты ертең берем, арғы күні берем деп алдады.

«Бас мердігер алдап соқты» деген 60 шақты адам ұзындығы бір шақырымнан асатын қоршауды тұрғызып үлгеріпті. Енді осы жұмысына «Еңбек Аршалы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының филиалы  48 миллион теңге берешек екен. Алайда түрмені қоршауға тапсырыс бергендер бұл ақшаның бәрін төлеуге үзілді-кесілді қарсы.

Ерік Мұқанов, «Еңбек Аршалы» РМК филиалының директоры:

- Бұл істелген жұмыстардың бәрі мемлекеттік болғаннан кейін, одан кейін үлкен қаражат бөлінгеннен кейін, ол жерде істелген жұмысқа фотофиксация, видеофиксация жасалады. Сондықтан мен олардың біздің құралмен істеген артық ақшасын қосып төлей алмаймын.

«Біздің құрал» деп тұрғаны мердігердің құрылыс материалдары екен. Сондықтан олар берешек 48 миллион теңгенің 12 миллионын ұстап қалмақшы. Ал қалған ақшаны «бүгін төлеуге әзірміз» дейді. Алайда «еңбегіміз желінді» деген жұмысшылар құзырлы орынға шағым түсірген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде