{metadescription}
Nexia көліктеріне қырғидай тиген адам ұсталды – Шымкент
Nexia көліктеріне қырғидай тиген адам ұсталды – Шымкент

Nexia көліктеріне қырғидай тиген адам ұсталды – Шымкент

Шымкентте «Нексия» көліктеріне қырғидай тиген адам ұсталды. Күдікті бас-аяғы төрт айдың ішінде 11 көлікті ұрлап, әлеуметтік желі арқылы сатып жіберген көрінеді.  

Автоұры дабылы жоқ көліктерді аңдып қаладағы бейнебақылау камерасы  орнатылмаған аулалардан айдап кетіп отырған. Арам пиғылын көбінесе жұрт шырт ұйқыда жатқан таңғы сағат 4-6 арасында жүзеге асырып оотырған. Көліктердің есігін кәдімгі сызғышпен-ақ ашып алады екен. Ұрланған көлікті өз тұрағына жеткізген соң, интернет арқылы Ресей Федерациясының жалған нөмірлерін алдырып, ашық саудаға шығарып отырған. Қазір уақытша қамау абақтысында отырған күдіктінің сыбайластары іздестіріліп жатыр.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

- Ұрлап алған соң басқа адамдарға сатылған 6 көлікті полиция тәркілеп, иесіне қайтарып берді. Екі автомобиль бөлшектеліп сатылған. Қалған үш автокөлік әлеуметтік желі арқылы сатылған. Қазір оларды іздеу жұмысы жүргізілуде. Тергеу жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.