{metadescription}
Қаржы пирамидаларына алданғандар Президенттен көмек сұрайды
Қаржы пирамидаларына алданғандар Президенттен көмек сұрайды

Қаржы пирамидаларына алданғандар Президенттен көмек сұрайды

«Наразылықты тоқтатпаймыз». Алматыда «Гарант 24 ломбард», «Еstate ломбард» және «Выгодный займ» қаржы пирамидаларына алданғандар тағы да арызын айтуға жиналды. Қолына плакат ұстап шыққан тұрғындар «миллиардтаған қаражат кері қайтпай қала ма?» деп қауіптенеді.

Себебі, әлі күнге дейін ешкімге соқыр тиын қайтарылмады деген жәбірленушілер мыңдаған адамның тағдырына енді президент араша түссе деп сұрайды.

Ақкенже Ғұмарова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Салғам сомам 3 миллион теңге. Оны банктен несиеге алдым. Отбасым, әпкелерім, апам, ата-анам тағы басқа достарым бәрі осы компанияға ақша салды. Кім бұл компанияға екі жыл бойы жұмыс істеуге рұқсат берді?!  Мемлекет берді. Енді солай бізге де көмектессін. Қалай рұқсат берді, осы алаяқтарға, тура солай көмектессін.

Бір қызығы, Махатма Ганди атындағы саябаққа келген шағымданушылардан гөрі, оларды телефонға түсіріп алыстан бақылаған белгісіз адамдардың қарасы көп. Ал саябаққа жиналғандар қаржы пирамидасына бар жиған-тергенін салып, соңынан опық жеген көпшіліктің теңіздегі тамшыдай бір бөлігі ғана. Өйткені жыл басында бар былығы әшкере болған атышулы компаниядан зардап шеккендердің саны 17 мыңнан асып кеткен. Шығын көлемі – 20 миллиард теңге.

«Гарант 24 ломбард», «Еstate ломбард», «Выгодный займ» және «Нур-Али Капитал» серіктестіктерінің басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өткен айда аяқталды. Барлығы 50 адам күдікке ілінсе, соның 33-і соттың санкциясымен қамалған. Қалған бес күдікті үй қамағына алынса, 12 адам ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен бостандықта жүр.

Нұрділдә Ораз, ІІМ ресми өкілі:

- Бұдан басқа 6 күдіктіге іздеуге жарияланып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші және азаматтық талапкер болып танылған барлық азамат қылмыстық іс материалдарымен танысуға  Ақтөбе қаласы Жұбановтар көшесі, 271А, мекенжайы бойынша Ақтөбе облысы ПД-не жұмыс күндері сағат 09:00-дан 18:30-ге  дейін келе алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.